Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға оқу құралдары табысталды

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы аз қамтылған отбасыдан шыққан 55 балаға мектепке қажетті формалар алып берді. Шара республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылуда. «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған.

Түркістан облысы: 1 сыныпқа қабылдау цифрлы жүйе арқылы жүзеге асуда

Түркістан облысының барлық мектептерінде mektep.sitcen.kz порталы арқылы оқушыларды 1-ші сыныпқа қабылдау маусым айынан бері жүріп жатыр. Бұл туралы Түркістан облыстық адами əлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықова мәлімдеді.

Түркістан облысының көп балалы және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына 1345 білім гранты бөлінді

Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан мақсатты трансферт арқылы көп балалы және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары үшін 2019-2020 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған 1345 білім гранты бөлінді.

Түркістан: Шардара ауданында «Тіл мерейі» атты байқау өтті

Мемлекеттік тіл халықтар достығының дәнекері. «Жастар жылына орай мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген өзге этнос жастарын анықтау және ынталандыру, мемлекеттік тілдің беделін артыру мақсатында Шардара аудандық «тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл мерейі» атты аудандық байқау өтті. Аталмыш шараға сегіз үміткер қатысып, мемлекеттік тілде бар өнерін ортаға салды.

Түркістан облысында 184 мектеп салынады

Түркістан облысында 2019-2024 жылдар аралығында 55 мыңнан астам балаға арналаған 184 мектеп салынады. Қазіргі уақытта 20 мың орындық 68 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 37 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданы білім ошақтарының оқу жылына дайындығы пысықталды

Күні кеше өткен аудан әкімдігінің аппарат мәжілісінде аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев аудандағы білім ошақтарының 2019-2020 оқу жылына дайындық барысы туралы баяндама жасады.