Бейсенбі, 22 Мамыр 2025 12:17

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕР МАЙТАЛМАНЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті. Президент Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат марапатталды.

Марапатталғандардың қатарында түркістандық мәдениет саласының қызметкерлері де бар. Соның ішінде Ордабасы аудандық мәдениет үйінің сүйемелдеушісі – Абай Атамбаев бар.

Абай Сапарбекұлы 1979 жылы 22 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Обручевка ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Алматы қаласындағы Республикалық Н. Островский атындағы көзі көрмейтін және әлсіз көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернатына қабылданып, 1996 жылы бітіріп шығады. Мектеп қабырғасында оқып жүріп, қосымша 11- музыкалық мектепті Фортепиано мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2000 жылы бастып, Аудандық мәдениет үйіне жұмысқа қабылданады. 2009 жылы Шымкент қаласы М. Әуезов атындағы мемлекеттік университетіне қабылданып, 2013 жылы «Музыкалық білім» мамандығы бойынша тәмамдайды. Қазіргі таңда Аудандық мәдениет үйінде сүйемелдеуші қызметін атқарады.

Бірнеше рет Аудан әкімінің Алғыс хаттарын алған. «Арай» вокалды аспаптар ансамбіліні, «Ордабасы» фольклорлық ансамбілінің мүшесі. Ұрмалы аспапта ойнайды. 2019 жылғы Ауданның «Ең үздік мәдениет қызметкері» атағының иегері. 2024 жылы Ордабасы ауданының 60 жылдың аясында «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалінің иегері атанған.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 20 рет