Бейсенбі, 08 Мамыр 2025 10:14

Ордабасы ауданының өнерпаздары республикалық байқауда жеңіс тұғырынан көрінді

24–26 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданында өткен IV республикалық “Қызғалдақ – Көктем” эстрадалық ән байқауы жас өнерпаздардың шығармашылығын шыңдауға үлкен мүмкіндік сыйлады. Байқауға еліміздің әр өңірінен келген талантты орындаушылар қатысып, өнердің көктеміндей құлпыра түсті.

Ордабасы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған “Дарын” тобы да осы өнер додасында өз бақтарын сынап, тыңдарманның қошеметіне бөленді. Өзіндік ерекшелігімен және орындау шеберлігімен көзге түскен өнер ұжымы қазылар алқасының жоғары бағасын иеленіп, байқау нәтижесінде жүлделі III орынға лайық деп танылды.

Бұл жеңіс — шығармашылық ізденіс пен табанды еңбектің жемісі. “Дарын” тобының әрбір мүшесі өз өнеріне деген шынайы сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін таныта білді. Байқау өнердің асқақ рухын паш етіп қана қоймай, жастар арасында шығармашылық ынтымақтастықты дамытуға, жаңа серпін беруге ықпал етті. Алдағы уақытта “Дарын” тобының өнер көкжиегі одан әрі кеңейіп, тың жетістіктерге жететініне сенеміз. Олар аудан мәдениетінің мәртебесін асқақтата берері сөзсіз.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 22 рет