Сәрсенбі, 19 Маусым 2019 14:52

Түркістан қаласында жазғы фестиваль өтті

«TURKISTAN – JASTAR FEST!» Осындай атаумен Түркістан қаласында жазғы фестиваль өтті. Шара Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай және жазғы маусымда жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналды. Шығармашылық және спорттық бағыттарды қамтыған мерекелік шараның өтуіне «Жастар ресурстық орталығы» ұйытқы болды. 

«TURKISTANJASTARFEST!» – көше мәдениеті мен спортын үйлестіре білген фестиваль. Бұл шара қала жастарын ерекше әсерге бөлеп, қуаныш сыйлады. Себебі, белсенді топ арнайы алаңшаларда StreetWorkout, FootballFreestyle, StreetBall сияқты спорттың ерекше түрлерінен тарту жасады. Қала жастары бүгінгі заманның трендтерін қабылдап, түрлі эмоцияға бөленді.

Сондай-ақ ләңгі, асық сияқты ұлттық ойын түрлері де жастар тарапынан сұраныста болды. Би, ән жанрлары да қамтылып, жастарды жарық жұлдыздармен табыстырды. Бір алаңға жиналғандар, ең әйгілі граффити суретшілерінің туындыларын тамашалады. Түрлі тақырыптағы тарихи шығармалар, «Түрлене бер Түркістан» сөзі ақ қағаздан көрініс тауып, сурет өнерін насихаттады.   

"Бұл фестивальдің ерекшелігі – көшенің субмәдениетті жастарының   қызығушылығын арттыру. Түркістан бізде тек бір бағытта қалып қоймай, бүгінгі күннің трендтерінен де қалыс қалмауы тиіс. Бұл  біздің жастардың өтініші" дейді Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Береке Дүйсебеков.

Шара соңында тұрғындар кию поп, реп, хип-хоп бағытының жарық жұлдыздары Зируза мен Баллердің өнерін тамашалады. Тамаша көңіл-күй, мерекелік бағдарлама от шашуға ұласты.   

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1046 рет