Дүйсенбі, 08 Шілде 2019 16:40

Түркістан облысы: Арыстық 200-ге жуық ардагер сауықтыру орындарына аттанды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен бүгін арыстық 200-ге жуық ардагер «Мейір» ардагерлер үйінеаттанды. Аталған бастама Арыс қаласының зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. 

Онда ардагерлерге түрлі медициналық қызметтер көрсетілетін болады. Атап айтқанда,физиотерапиялық, парафинмен, озокеритпен емдеу, дене шынықтыру, дәрі егу сынды ем-дом көрсетіледі. Демалушылар күніне 4 мезгіл тамақтанады. Жалпы демалу мерзімі – 15 күн. Сондай-ақдемалушы ардагерлердің қатысуымен күнделікті концерттік бағдарламалар өткізілетін болады.

Айта кетерлік жайт, Арыс қаласында 3900-ден астам зейнеткер тұрады екен. Бүгін – 8 шілдеде «Мейір» ардагерлер үйіне 190 зейнеткер аттанса, ертең – 9 шілдеде «Ардагерлер үйіне» 200 зейнеткер жолға шыққалы тұр. Жалпы, шілде-тамыз айларында барлығы 1360 зейнеткердің демалып қайтуына осындай жағдай жасалмақшы. Қариясын қадірлеген елдің келешегі кемел боларына сеніміміз кәміл.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 944 рет