Дүйсенбі, 14 Қазан 2019 16:44

Шымкент: «Цитадель» жобасының тарихи құндылығы бар

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған «Шымкент қалашығын» реставрациялау және музейлендіру жөніндегі «Цитадель» жобасының алаңына түнеугүні Шымкентке іссапармен келген Үкімет жетекшісі Асқар Мамин барды. Жобаның тарихи құндылығы ерекше. Сол себепті ол 2020 жылы «Шымкент – ТМД-ның мәдени елордасы» жылын атап өту аясында тартымды туристік нысан болуға арналған. 

А.Мамин «Бадам» (195-орам) тұрғын үй алабының инженерлік инфрақұрылым жағдайымен де танысты. Оның электрмен жабдықтау проблемасымен мектеп мұғалімі Гүлназ Әбдірова «Nur Otan» партиясына жүгінген-ді. Биыл 27 қыркүйекте «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдау барысында Үкімет басшысы Г.Әбдіроваға 195-орам үйлерін электрмен жабдықтау жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айында аяқтау қарастырылғанын айтты, су құбыры және газ желілерін салу жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын айтқан болатын.

Үкімет басшысы Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан нарықтарына өнімдерін жеткізетін «Зерде-Керамика» керамогранит өндіру зауытына барды. Өңірдің тоқыма саласын жандандыру жоспарларымен танысты. Премьерге өткізу қабілеті сағатына 600 жолаушыны құрайтын Шымкент қаласы әуежайының жаңа терминалының жобасы таныстырылды, оны 2020 жылғы қазанға қарай аяқтау көзделген.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1057 рет