Бейсенбі, 31 Қазан 2019 15:22

Шымкент: 2020 жыл – волонтерлер жылына орай брифинг өтті

Ақпараттық коммуникациялық орталықта Қазақстандағы Волонтерлік жыл қарсаңында Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері басқармасының басшысы Ж.Қалтаев пен Волонтерлікті қолдау орталығы «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі өтті. 

Брифингте басқарма басшысы еріктілер арасында шағын гранттар бағдарламасы жүзеге асатынын мәлімдеді. Жобаның мақсаты – бірыңғай волонтерлер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыру.

Брифинг барысында келер жылдың перспективалары, сондай-ақ осы жылы Қазақстанда волонтерлік рөлді күшейтуге бағытталған қызықты жобалар ұсынылды. Жобаның ұзақ мерзімді нәтижесі «Студенттік бастама» жалпыреспубликалық волонтерлік қозғалысын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан өңірлеріндегі кез келген әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағыттылған "VоБлаго" (Игілік үшін) еріктілер корпусын құру жолымен жүйелі қадамдар жасалады деп күтілуде. Жобаның Шымкенттегі серіктестері: Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы, «Жас Отан» ЖҚ, «ТESh» қоғамдық бірлестігі, «NationalAlumniNetwork» қоғамдық бірлестігі, Шымкенттің америкалық бұрышы.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 902 рет