Жұма, 08 Қараша 2019 00:35

Шымкент: Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен халықаралық жайдарман күніне арналған ойын өтті

Үшінші мегаполистегі қалалық жастар ресурстық орталығында 8 қараша – халықаралық жайдарманшылар күніне орай маусымдық ойынның жартылай финалы өтті. Жергілікті ішкі чемпионат саналатын бұл ойындар нәтижесінде республикалық деңгейде өткізілетін телевизиялық жобаларға жайдарман топтары дайындалады. 

Жартылай финалда өнер көрсеткен 8 команда ішінде "Достық" (Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті), "Капитан" (М.Әуезов атындағы ОҚМУ), "Million" (Нұр-үміт өнер орталығы) топтары жоғары ұпаймен және "Хештег" (М.Әуезов атындағы ОҚМУ) командасы әділқазылар алқасының шешімімен ақтық сынға жолдама алды.

Айта кетерлік жайт, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Шымкент қалалық Жайдарман филиалы және Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «JAIDARMAN» ойындарының жаңа маусымы 35 командамен басталған-ды. Ал финалға жолдама алған командалар қала әкімінің кубогі үшін бақ сынасады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 782 рет