Бейсенбі, 14 Қараша 2019 17:06

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында тәуелсіздікке арналған ән байқауы өтті

Қазығұрт ауданындағы «Өнер» мектебінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Сәлем саған, Түркістан»өнер фестивалі аясында балалар мен жасөспірімдер арасында ән орындаушылар байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты:Тәуелсіздік ұғымын балаларға, өскелең ұрпаққа кеңінен түсіндіру арқылы қазақ халқының, өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу, мәдениет пен өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу және патриоттық тақырыптағы жаңа классикалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттау, классикалық әндерді өз нақышында орындау, сондай-ақ жас талант иелерін анықтау. 

Байқаудың іріктеу кезеңіне жалпы 12 үміткер қатысты. ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалі аясында балалар мен жасөспірімдер арасында классикалық ән орындаушылар байқауына облыстық опера және балет театрының солисі, ҚР мәдениет қайраткері Урайхан Сейілбекова, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Бекжан Сапаров, Қазығұрт аудандық мәдениет сарайының халық шығармашылығы әдіскері Раушан Ешмухамбетова төрелік етті. Байқау 2 кезеңнен тұрды. І кезеңде Абай Құнанбаевтың немесе қазақ классиктерінен бір шығарма, ІІ кезеңде өз қалауы бойынша әлем классиктерінен бір шығарма орындады.Қазылар алқасының шешімімен облыстық байқауға 7-12 жас аралығындағы орындаушылар арасынан Дарын Бөрі, ал 13-17 жас аралығындағы орындаушылар арасынан Сағындық Қалтай облыстық байқауға жолдама алды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 728 рет