Сейсенбі, 10 Шілде 2018 09:38

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментін Нұрболат Дербісов басқаратын болды

Шымкент қаласында жаңа тағайындаулар науқаны жалғасуда. Таяуда  Шымкент қаласының және Түркістан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің басшылары тағайындалды.

Шымкент қаласының және Түркістан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің жаңа басшыларын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов таныстырды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы лауазымына азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрболат Дербісов тағайындалды.

Дербісов ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарды. Сонымен қатар, министрдің бұйрығымен Түркістан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының міндетін атқарушы лауазымына азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрғали Жүнісов тағайындалды. Жүнісов Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесін тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттердің жаңа бастықтарына жемісті еңбек тіледі.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 11926 рет