Шымкенттегі 6 кәсіпорынға «Сенім сертификаты» тапсырылды

 

Шымкент қаласы бойынша кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күнге қаламыздағы 1 452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, 2 128 жұмыс орындарына зиянды және қауіпті еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов баспасөз брифингінде айтты.
Сондай-ақ, қаламыздағы 144 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген.
Өңіріміздегі 6 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылған.

Шымкентте еңбек қауіпсіздігі қатаң қадағаланады

Заң талаптарына сәйкес әрбір азаматтың жұмыс орнының қауіпсіз болуын талап етуге құқығы бар. Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалауын бақылауды қамтасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырмасы берілген болатын. Бүгінде бұл жобаны қаламызда 18 кәсіпорын енгізген. Бұл туралы толығырақ Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Шымкентте «Халықаралық отбасы күні» аталып өтті

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Айтулы датаға орай, Шымкент қаласының «Бақытты жанұя» орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Отбасы құндылығын насихаттайтын жиынға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Көпжан Тұрлыбеков, «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестірігің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының төрайымы Баян Жандосова, «Әжелер кеңесінің» төрайымы Клара Атемова, «Әкелер кеңесінің» төрайымы Төлехан Үсипбеков, «Жас отбасылар кеңесінің» төрайымы Гүлрайхан Абирова және қала тұрғындары қатысты.

Отырар ауданы: қадамдық жоспар аясында «қызмет алушылар күні» өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары аясында Қызмет алушылар күні облыс көлемінде ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Отырарда қаламгер Сағындық Қыдырұлының «Алдым – сағым, артым - сағыныш» кітабының тұсаукесері өтті

Отырар ауданының құрметті азаматы, саналы ғұмырын туған жерінің тарихы мен этнографиясын зерттеуге арнаған қаламгер Сағындық Қыдырұлының «Алдым – сағым, артым - сағыныш» кітабының тұсаукесері өтті. Отырардың отты перзенттерінің бірі Сағындық ағамыздың бұл үшінші кітабы еді.

Отырар ауданы: «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолының құрылысы жалғасуда

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысанды аралады. Облыстық маңызы бар КХ-190 «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолын қайта құру құрылысымен танысып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады.

Отырар ауданы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ шалғай ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті

Отырар ауданы Шәуілдір және Көкмардан ауыл тұрғындарына кеңес беру науқанында мобильді топ мүшелері тұрғын үй алудың тәртібі, тұрғын үйді жекешелендіру, зейнеткерлікке шығу, жұмысқа орналасу, алимент өндіру, егін алқаптарына су тарту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүйелендіру және ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие алудың тәртібі туралы құқықтық кеңестер берді.

Отырар ауданында түйе және жылыжай шаруашылығы дамып келеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарында «Отырар Сүт-Ет» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. 2009 жылы құрылған кәсіпорында түйе сүті өңделіп, шұбат шығарылады.

Шымкент: Тұрғын үй басқармасының басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Тұрғын үй басқармасының басшысы қызметіне Исламов Азат Рахымбердіұлы тағайындалды.

Азат Исламов 1987 жылы 16 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын 2010 жылы Алматы облысы Талғар қаласы әкімі аппараты бас маманының міндетін атқарушы қызметінен бастаған. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы, Алматы қаласы бойынша жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы, әр жылдары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясы жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және құқтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы- мемлекеттік инспекторы болған.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Алматы қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясы жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы, 2015-2019 жылдары Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы, 2019-2020 жылдары Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары, 2020-2023 жылдары Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы тұрғын үйді есепке алу және тарату бөлімінің басшысы, 2023 жылы Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы тұрғын үйді есепке алу және тарату бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2024 жылдың ақпан айынан бастап Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметінде болды.

 

 

Шымкент: радиофармацевтикалық препараттар әуе арқылы тасымалданады

Қала әкімдігінің Шымкент қаласының Әуежай басшылығымен жүргізген келіссөздері нәтижесінде бұдан былай радиофармацевтикалық препараттар (РФП) тік ұшақтар арқылы жеткізілетін болды. Бұл ең алдымен қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды дер кезінде анықтап, емдеу шараларының тиімділігін арттырады.

Шымкент қалалық онкологиялық орталығы жанынан 2022 жылы «MIG QAZAQSTAN» ядролық медицина орталығы ашылған болатын. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде іске қосылған орталық заманауи технологиялық аппараттардың көмегімен қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға, науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. Орталық дәрігерлері радиофармпрепаратты науқасқа көктамыр ішіне енгізеді, оның дозасы пациенттің дене салмағына, бойына қарай есептеледі. Радиофармпрепарат бүкіл денеге таралғаннан кейін, шамамен бір сағат ішінде пациентке Позитронды – эмиссионды томография/компьютерлік томография (ПЭТ/КТ) арқылы диагностикалық зерттеу жүргізіледі.