Шымкент: Аппарат мәжілісінде маңызды мәселелер қаралды
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы және су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары баяндалды. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында атқарылған жұмыстармен қатар кенелерге қарсы санитарлық өңдеу шаралары талқыланды.