Шымкент: Шахматтан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Бүгін Шымкент қаласында өткен шахматтан балалар арасындағы Ел біріншілігі аяқталып, марапаттау рәсімі болды. Жабылу салтанатына арнайы шақырылған мәртебелі қонақтар және жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты. Жабылу салтанаты барысында Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова Ел біріншілігі жөнінде пікірін білдірді.

Шымкентте базарларды модернизациялау, ретсіз саудамен күрес шаралары пысықталды

Бүгін қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтің төрағалығымен өткен жиында базарларды модернизациялау, ретсіз және заңсыз саудамен күрес мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

БЫЛТЫР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 40 ЕЛДІ МЕКЕН, 104 МЫҢ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысында жалпы 412,1 МВт электр энергиясын өндіретін 26 электр көздері бар. Оның ішінде, «Шардара СЭС» АҚ – 126 МВт, «Кентаусервис» МКК – 7,5 МВт, 24 жаңартылатын энергия көздері – 278,6 МВт. Өткен жылы өндірілген электр энергия көлемі сағатына 992,8 млн кВт болса, биыл 1020,0 млн кВт-қа жеткізу көзделуде. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Облыс басшысы жауапты сала башыларының жұмысын сынға алып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

Түркістан облысында атқарылған жұмыстар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5 %-ға төмендеген. 2023 жылы жалпы 129,5 мың адамды жұмыспен қамту шараларына жолдау жоспарланып, нақты 160,5 мың адам жұмыспен қамтылды. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты 5 бағытта жүргізілуде.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА ТҮРКІСТАННЫҢ ӨЗ БРЕНДІ ҚАЛЫПТАСУДА

Түркістан облысында мәдениет саласын дамытудың тұжырымдамасы әзірленіп, негізгі бағыттары айқындалған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында осы бағыттағы жоспарлар талқыланды. Өңір басшысы өңірдің рухани және мәдени әлеуетін көтеру, өнер саласында Түркістанның өз брендін қалыптастыру жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

ТҮРКІСТАН: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖОЛДАРЫ САРАПТАЛДЫ

Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, қалалардағы комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Мәжілісті облыс әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Бейсен Тәжібаев ашып, жүргізді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА КЛАСТЕРІНЕ 300 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУҒА КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

Түркістан облысына құны 300 млн. АҚШ долларын құрайтын инвестиция тартылып, 4 мың жұмыс орны ашылатын болды. Осыған орай, аталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойылды.

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ БІР АУЫЛ «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Ордабасы ауданына іссапармен барды. Аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды сапалы ауыз су, электр энергиясымен, табиғи газбен қамту жұмыстары мен алдағы жоспарларды таныстырды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КОЛЛЕДЖДЕРІНДЕ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ 10 ЖАҢА МАМАНДЫҚ АШЫЛАДЫ

Өңірде білім сапасын көтеру мақсатында Түркістан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысының 2024-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың өңірлік Жол картасы қабылданды. Сонымен қатар «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын Түркістан облысында іске асырудың Жол картасы әзірленіп, бекітіледі деп күтілуде. Осы және білім саласындағы өзекті мәселелер облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды.