Түркістан облысының әкімдігі мен Оңтүстік Корея халықаралық сауда қауымдастығы және университеті меморандумға қол қойды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Астана қаласында өткен Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысты. Жұмыс сапары кезінде Түркістан облысының әкімдігі мен Корея Халықаралық Сауда Қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Түркістан қаласында кореялық «Вусонг» университетінің филиалын ашу бойынша меморандумға қол қойылды.

Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы қатаң қадағалануда

Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, облысқа қарасты елді мекендерде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт бой көтермек. Бұл нысандардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында тұр.

Түркістан облысы: Арыстағы Қожатоғай ауылында тұңғыш спорт кешені ашылды

Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылында тұңғыш заманауи спорт зал комплексі ашылды.  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған кешен барлық қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған.

Түркістанда тапшы кадрларды дайындауға арнайы оқу гранттары бөлінген

Түркістанда жаңа оқу жылына 29 мамандық бойынша жалпы 189 орын мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілген болатын. Таяуда жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2024-2025 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев және комиссия мүшелері қатысты. Мемлекеттік білім беру тапсырысын оқу орындарына орналастыру жайын саралады.

Түркістан облысында әкімдіктерге түскен өтініштер саны 34 пайызға көбейді

Түркістан облысы әкімдігінде «Е-Өтініш» платформасында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің аспектілері мен перспективалары туралы оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинарына 230-дан аса аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Шымкентте ерекше жандарды жұмыспен қамту шараларына аса мән беріледі

Мемлекет қоғамдағы барлық әлсіз топтарды назардан тыс қалдырған емес. Мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қолдаудан бөлек, оларды қоғамға баулып, оңалтуға арналған бағдарламаларды ұдайы түрде жүргізіп отырады. Шаһарда әсіресе ерекше жандарды жұмыспен қамту шараларына аса мән берілген.  Осы орайда,  жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып тұрады. 

Шымкент: Орман-дала өртінің алдын алу жұмыстары атқарылуда

Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі "Жасыл Белдеу" және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты "Бадам" орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жалпы жер көлемі 4 мың 826 га, оның ішінде орманды алқабы  2 мың 999 га, ормансыз алқап 1 мың 827 га құрайды. 

Шымкент: Ұлттық Ұланның әскери бөлімінде Абай онкүндігі өтті

Өткен аптада Қазақстан халқы ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың туылғанына 179 жыл толуын атап өтті. Ұлттық ұлан әскерінде 5 мен 14 тамыз аралығында «Абай жолы – болашаққа бағдар» тақырыбында Абай онкүндігі ұйымдастырылды. 

Шымкентте 1 360 000 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспарланған

Бұл туралы Өңірлік  коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы»  тақырыбында  өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Шымкентте 49 отбасы қайтарымсыз тұрғын үй сертификатын иеленді

Биылғы жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін 49 отбасы қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Әлеуметтік көмекті алушылар қатарында  16 отбасы - 1,2 топ  мүгедектігі бар азаматтар, 9-ерекше бала асыраушы отбасылар, 3-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар, 11- көпбалалы отбасылар, 4-толық емес отбасылар, 6- бюджеттік мекеме қызметкерлері бар. Азаматтар Отбасы банк арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында несиелік негізде пәтер рәсімдеу барысында оның алғашқы жарнасының бір бөлігін  1 млн. теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты арқылы жабу мүмкіндігіне  ие болған.