Түркістан облысы: Түлкібас ауданында «Менің туым – менің Отаным!» акциясы ұйымдастырылды

Мемлекеттік туды қастерлеп, қадір тұту – әр қазақстандықтың парызы. Ол мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін басты рәміздердің бірі болып табылады. Осыған орай бүгін аудан орталығындағы «Наби» сауда орталығының ғимаратында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен «Менің туым – менің Отаным!» атты патриоттық акциясы өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары А.Нұранов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Алтынбеков және аудан жастары қатысты. 

Түркістан облысы бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті

Бүгін #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы аумағында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Аталған шараның салтанатты ашылуына Түркістан облысының орынбасары Мейіржан Мырзалиев қатысып, акция қатысушыларына алғысын білдірді. Содан кейін облыс әкімінің орынбасары көпшілікпен бірге "Арыс-Түркістан" су арнасының бойын қоқыстан тазартуға атсалысты. 

Түркістан облысы: Түлкібастықтар өздерінің Арыспен бірге екенін дәлелдеді

Бүгін Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылындағы «Жеті қазына» демалыс орнында ұлттық домбыра күніне орай «Түлкібастықтар – Арыспен бірге!» атты ауқымды акция ұйымдастырылды. 

Осы RSS каналға жазылу