Жұма, 15 Қараша 2019 17:42

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында «Менің туым – менің Отаным!» акциясы ұйымдастырылды

Мемлекеттік туды қастерлеп, қадір тұту – әр қазақстандықтың парызы. Ол мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін басты рәміздердің бірі болып табылады. Осыған орай бүгін аудан орталығындағы «Наби» сауда орталығының ғимаратында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен «Менің туым – менің Отаным!» атты патриоттық акциясы өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары А.Нұранов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Алтынбеков және аудан жастары қатысты. 

Шараның ашылу салтанатында алғы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы: «Бүгінде Еліміздің Көк туы астында біздің адамдар ерлік жасап, еңбек, ғылыми, мәдени және спорттық жетістіктерін көрсетеді. Біз әртүрлі салада жоғары жетістіктерімен еліміздің Көк байрағын көкте желбіретіп жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз» - деп, акцияға қатысушы жастарға шараның маңыздылығын атап өтті. Акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау арқылы оларға құрмет көрсету, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту, жастарды отансүйгіштікке баулу болып табылады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 807 рет