Сауран ауданының индустриялық әлеуеті түркі әлемі делегациясына таныстырылды
Сауран ауданына келген Түркі әлемі муниципалитеттер одағының делегациясы ресми кездесуден кейін ауданның өндірістік әлеуетімен танысты. Делегация үшін арнайы ұйымдастырылған сапар барысында қонақтар индустриялық аймаққабарып, өңірдегі маңызды инвестициялық жобалармен жақын танысты.