ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында Түркістан облысына келген жұмысшы топ өңірдің жұртшылығымен кездесті. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған топ мүшелері облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен басқарма басшылары, ардагерлер мен көпбалалы отбасылар, зиялы қауым мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласының қызметкерлері мен жастар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері бас қосқан жиында Жолдаудың басым бағыттары мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысын баяндап өтті.