Түркістан облысы: Ордабасы ауданы әкімдігі Шұбарсудағы электр жарығы мәселесін шешеді
Шұбарсудағы ауыз су мен жарықтың өз қожайындары бар. Жекенің меншігіне телмірген халық жарық сөнсе, тіршілік нәрінен де таршылық көреді. Шұбарсуда қордаланған бұл мәселелерден әкімдіктегілерге де жақсы қанық. Айтуларынша, алдымен 5000-ға жуық тұрғынның жарық мәселесі шешіледі.