Сайрамдықтар 1 гектардан 18-20 тонна картоп алуда
Сайрам Ауданында картоп егістігінің көлемі артып отыр. 2018 жылы ауданның ауылшаруашылығы саласында 63,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Облыстағы үлес 11,7 пайызды құрап, 1-ші орынға тұрақтады.
Жалпы, Сайрам ауданы қай кезде болса да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруден облыс бойынша көшбасшылардың бірі болатын. Соңғы жылдары ел үкіметінің ерекше қолдауының арқасында өнімділік көлемі еселеп арта түскен. Мәселен, өткен жылы ауданда 52 288 га жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілді. Нәтижесінде 34 200 тонна бидай, 8 056 тн.майлы дақылдар, 123 946 тонна көкөніс, 60 200 тонна картоп, 18 100 тонна жеміс-жидек, 13 680 тонна жүзім және басқа да дақылдар жиналып алынды. Биыл 3500 га картоп егілмек.
Ал, Қарабұлақ ауылындағы «Лола» шаруа қожалығыныңегістік көлемі 12 га. Оның 3 га картоп егілген. Гектарынан 18-20 тонна өнім алынуда. Ерте піскен картоп Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілуде. Осылайша, Сайрам ауданы өзінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша ерекше қарқынмен дамып отырғанын, облыста көшбасшы аудандардың қатарында екенін дәлелдей түсуде.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»