Түркістан облысы: Келес ауданында 53 адам өз мәселелерін айта келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. 

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

Бүгін аудан әкімі М.Отаршиев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген аудан тұрғындарының басым бөлігі жеке басының мәселелерімен келген. Сондай-ақ әлеуметтік көмек, ауызсу, табиғи газ, жер және жол салалары бойынша бірқатар өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. 

Түркістан облысы: «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасын насихаттауға арналған облыстық форум өтті

Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жас мамандарды ауылдық жерлерге жұмысқа тарту мақсатында іске асырылатын «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының облыстық форумы өтті. Басты мақсат - мемлекет ұсынып отырған бағдарламалар аясында жастарды еңбекке ынталандыру және оларды жұмысқа баулу. Атап өтейік, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ауылдық жерлерде жүзеге асырылып, аталған бағдарлама бойынша жұмыс істейтін мамандарға қолдау көрсетіліп келе жатқанынына биыл он жыл толып отыр. 

Түркістан облысы: Шардара ауданында «Менің туым – менің отаным!» акциясы ұйымдастырылды

 «Менің туым – менің Отаным!» акциясына шардаралықтар да қолдау білдірді. Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен шараға аймақтың белсенді жастары қатысты. Барша тұрғындарды патриоттыққа, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырған іс-шарада ұлттық құндылықтармыз дәріптелді. 

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында Абай туғанына 175 жылдығына орай поэзия сағаты өтті

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының бастамасымен Қазығұрт аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Шарбұлақ ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығы қарсаңында «Абайды бірге оқимыз» акциясы аясында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты тақырыпта поэзия сағаты өтті. 

Түркістан облысы: Жер саласындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету басты назарда тұр

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық әкімдігінің жер қатынастар бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі және «Азаматтарға арналған үкімет» МКЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиынға департамент басшысының бірінші орынбасары Ғ.Асанұлы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсаев және департтаменттінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі А.Батырбеков қатысты. 

Түркістан облысы: Келес ауданындағы жол жөндеу жұмыстарының тамырына қан жүрді

Аудан әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы мен "Nur Otan" партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Жұмабеков Ахмет Әбдраманұлы биылмамыр айында басталып, бітпей, жыр болған Келес ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының жөндеу жұмыстарының барысына бақылау жасады. Бақылаудың нәтижесінде облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің тікелей тапсырмасымен Келес ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар автомобиль жолының А-15 «Жызақ-Жетісай-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек жолы» автомобиль жолының 144-175 шақырым аралығындағы (Қошқарата-Ақтөбе ауыл округтерінің аумағындағы 31 шақырым) «ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамы Түркістан облыстық филиалы жол жөндеу жұмыстарын жарытпаған, жауапсыз мердігер «ТММ Береке» ЖШС-мен келісімшартты бұзды. Бақылау барысында бүгінгі таңда жол жөндеу жұмыстарын «ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамына тиесілі «ҚазақАвтоЖол» ЖШС жаңа техникалар мен жұмысшылар санын арттырып күні-түні жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатқаны байқалды.  «ҚазақАвтоЖол» ЖШС-нің өкілі Қылышбек Бейсенбиевтің мәліметіне сүйенсек, А-15 автожолының Жүзімдік ауыл округінің бұрылысына дейінгі бөлігіне 2 күнде асфальт төселіп, жол жөндеу жұмысы бітетінін, қалған Қызыләскер елді мекеніне дейінгі бөлігіне шұңқырларды жамау жұмыстары біткенін, ал күрделі жөндеу келесі жылы жүргізілетінін жеткізді.

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамы Түркістан облыстық филиалы басшысының облыс басшысына берген уәдесі бойынша айналма жол ретінде беріліп, тозығы жеткен Ошақты ауылдық округі аумағындағы автожолға да жақын күндері жөндеу жұмыстары басталып, жуырда аяқталады. А.Есбаев «ҚазақАвтоЖол» ЖШС-нің өкіліне ауа райының қолайлылығын пайдаланып, жұмысты жандандыру қажеттігін жеткізді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Түркістан облысы: Жетісай ауданында көпбалалы аналар баспанамен қамтылады

Барлық деңгейдегі әкімдердің Республикалық бірыңғай қоғамдық қабылдауы кезінде Жетісай ауданының әкімі Бейсенбаев Жамантай Қанайұлы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қала, кент және ауылдық округтерден келген азаматтар аудан басшысына ауыз су, жол, тазалық, электр жарығы мен тұрғын үй мәселелерін айтып, аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорттық алаңшалар салу үшін жер учаскелерін алу мәселелерін көтерді. 

Түркістан облысы: Мақтааралдық жеке кәсіпкер жыл басынан бері 31,5 тонна ет өндірген

Мақтаарал ауданында жайылым жер жоқтың қасы. Сондықтан мұнда малды бордақылаған өте тиімді. Қазірдің өзінде ауданда 150-ге жуық мал бордақылау алаңы жұмыс істеп жатыр. Соның бірі – "Құдайберген" шаруа қожалығы.