Түркістанда әлемде теңдесі жоқ туристік кешеннің қазығы қағылды
Түркістан облысына іс-сапармен келген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин облыс орталығында салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Үкімет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Sembol construction» түрік компаниясы қолға алған «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешен құрылысын іске қосты.