Түркістан: Төлеби ауданында мемлекет есебінен салынған жолдар тексеруден өткізілді
«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Сапалы жол - Адалдық алаңы» аясында Төлеби ауданына қарасты Ленгір қаласындағы аудандық маңызы бар КХТЛ-33 «КХТЛ-31-КХ35- Ақайдар Екпінді» көшесі және КХТЛ-31 «Ленгер КХ-82 Шымкент - Сайрам - Қасқасу - Шымкент» көшелерінде жалпы ұзындығы 9,3 шақырым болатын жолдан сынама алынып, мемлекет бюджеті есебінен салынған жолдардың сапасы тексерілді.