Ауыл шаруашылығы министрі Түркістан облысына келді
ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Кесікбайұлы облыс әкімі Өмірзақ Естайұлымен бірге Мақтаарал ауданына барды. Ең алдымен олар Мақтаарал ауылдық округі, «Ақ алтын» елді мекеніндегі «АШМ сервис-орталығы» өндірістік кооперативінің мақта терімі науқанымен танысты. Онда биылғы жылы 70 га жерге М-4011 мақта сорттық тұқымын егіп, 25,0 ц/га түсімділікпен өнім алуда. Бүгінгі таңда 43 адамды жұмыспен қамтып отырған өндірістік кооперативі 58 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықталған.