Шымкент: Қаратау ауданы әкімі сайрамдықтардың сапалы ауызсумен толық қамтылатынын айтты

«Қазіргі таңда Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аумағында тиісті жұмыстар қарқынды жүріп жатыр»- деді ағымдағы жылдың 10 айындағы атқарылған шаруаларға есеп берген Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов. Сонымен қатар ол Сайрам тұрғын алабындағы құрылысы жүріп жатқан облыстық маңызы бар 4 көшені де ағымдағы жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда екендігін атап өтті. 

Шымкентте Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловқа арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Ұлтқа қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен, қазақтың ардақты ұлдары, мемлекет қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловқа – биыл 125 жыл. Еліміздің түкпір-түкпірінде мерейтойға арналған түрлі деңгейдегі мерекелік шаралар өткізілуде. Бүгін айтулы іс-шара Шымкент қаласында да өз жалғасын тапты. Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекет қайраткерлеріне арналған «Тұғыры биік тұлғалар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 

Шымкентте жылыту маусымына байланысты халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Төтеншеліктер жылыту маусымына дайындықты пысықтап, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Үгіт – насихат шаралары Шымкент қаласындағы Абай ауданында өтті. Сақтықта қорлық жоқ деп ұрандатқандар улы газдан сақтанудың жолын, алғашқы көмектің дұрыс жүргізілуін көрсетті.

Шымкентте қоғамдық көлік қызметіне талап күшейді

Шымкентте жолаушы тасымалдаушы компаниялардың ісін арнайы құрылған жұмыс тобы бақылауды бастады. Олар 10 күн бұрын сала жұмысына жауаптылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ескерту берді. Бұдан былай тәртіпке бағынбағандарға аяушылық жоқ. Қала билігі тасымалдау талаптарын бұзған компанияларды бірден жұмыстан шеттетін болды. 

Шымкент: «Ескі қалашықтағы» цитадель шаһардың негізгі туристік орындарының бірі болмақ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ескі қалашықтағы Цитадельге барып, құрылыс барысымен танысты. Ерлан Қуанышұлы келер жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы екенін тілге тиек етіп, жауапты мамандарға жұмысты қарқынды түрде жандандыруға қатаң тапсырма берді.