Сәрсенбі, 20 Маусым 2018 11:31

Шымкент: Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында дәстүрлі спартакиада ұйымдастырылды

Өткен демалыс күндеріШымкент қаласы әкімдігінің қызметкерлері өз араларында кімнің ең епті әрі батыл екендігін анықтады. 

Спорттық сынға қала әкімі аппараты, аудан әкімдіктері және қалалық мәслихаттан бас-аяғы 11 команда, жалпы алғанда, 300-ге жуық адам қатысты. Аса тартысты өткен волейбол сынында қалалық мәслихаттың "Бірлік" командасы жеңімпаз атанса, кіші футбол турнирінде – қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, қалалық тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясының «Айбын» құрама командасы, арқан тартуда – Қаратау ауданы әкімдігінің «Қаратау» командасы, командалық есепте үстел теннисінен – қалалық мәслихаттың «Бірлік» командасы, дойбыдан – Еңбекші ауданы әкімдігінің «Еңбекші» командасы, шахматтан қала әкімі аппаратының «Орда» командасы үздік шықты.

Ал қорытынды есеп бойынша «Еңбекші» командасы биылғы спартакиаданың жеңімпазы болып, биік тұғырға көтерілді. «Орда» командасы – екінші, «Бірлік» үшінші орындардан көрінді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1565 рет