Шымшаһарда «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорттың 4 түрінен ойындар өтуде. Оған жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары қатысып жатыр.
Сала мамандырының берген мәліметіне сенсек, аталмыш жобаға жалпы білім беру мекемелердің тарапынан қазіргі уақытта футбол (ұлдар арасында), баскетбол (ұлдар арасында), волейбол (қыздар арасында), шахмат (ұлдар, қыздар арасында) спорт түрлерінен 143 мектептен өтінім келіп түсіпті. Сонымен қатар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 37 команда оның ішінде 7 жоғары оқу орны және 30 орта арнаулы оқу орындары жасақталып, қатысуға өтініш берді. Студенттер арасындағы жарыс бөлек өтеді.
Мектеп оқушылары арасындағы спорттық сайыстың жеңімпазы атанған 4 мектепке 20 млн теңгеден қаржылай сыйлық берілмек.
Тілге тиек етейік, жобаның бірінші кезеңінде 140 білім беру ұйымынан 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңнан астам оқушы бағын сынады.
Үш айға созылған ауқымды жобаның финалдық кезеңдері де өз мәресіне жетті.
Сонымен, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтың бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының шахмат спорт түрінен финал ойыны өтті. Спорттың ШАХМАТ түрінен 130 команда қатысып финалдық кезеңге:
1. Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі;
2. З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі;
3. №2 дарын;
4. Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы;
5. Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі;
6. А.С.Пушкин атындағы мектеп – гимназиясы;
7. Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы;
8. №45 мектеп-гимназиясы;
9. Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы;
10. А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі;
11. Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы;
12. Акпан батыр атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі;
13. №68 жалпы орта білім беретін мектебі;
14. №89 IT мектеп-лицейі;
15. №69 жалпы орта білім беретін мектебі;
16. №88 жалпы орта білім беретін мектептері өтіп, нәтижесінде:
І-орын Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейіне бұйырды. ІІ- орын Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының еншісінде. Ал, ІІІ- орынды Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы иеленді.
Жеңімпаз командалар 1 маусым күні Қажымұқан орталық стадионында марапатталатын болады.
"AQ-QARA.KZ"-ақпарат