Шымшаһарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 116,1 пайызды құрады

Бұл жайында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың он алтыншы сессиясында айтылды.

 Сессия отырысында салалық басқармалардың қаланы көгалдандыру, инфрақұрылымын дамыту және бағаны тұрақтандыру бағытында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Сонымен қатар, Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

 Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғ.Ильясов «Шымсити», «Тұран» және «Сәуле» шағын аудандарына салынатын саябақтардың бүгінде жобалық сметалық құжаттары әзірленіп жатқанын және осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілетін Еңбекші ауданындағы 12-ші шағын ауданда 1,6 га болатын саябақтың құрылысы басталғанын мәлім етті.

 «Өткен жылы аудан әкімдіктерімен 75,5 мың дана, жасыл белдеуге 200 мың дана, саябақтар мен гүлзарларға 10 мың дана ағаш көшеттері егілді, ал биылғы жылдың көктем айларында жалпы 21 455 ағаш көшеттері отырғызылды»,- деді сала басшысы.

 Қала инфрақұрылымын дамыту мәселесін баяндаған энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков 2022 жылдың қорытындысымен 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып 11 мыңнан астам адам ауыз сумен, 2 магистралды кәріз коллекторының, 1 кәріз сорғы станциясы және 6 нысанның құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесіне қосылатынын жеткізді.

 Бұдан бөлек, жыл қорытындысымен 1 қосалқы станцияның, 8 елдімекенде ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 17 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылса, табиғи газбен қамту деңгейі 93%-дан 94,7%-ға жеткізу жоспарда бар екені айтылды.

 Жыл басынан Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 116,1 пайызды құрағанын айтқан ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Джанбатыров әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

 Оның айтуынша, өңірлік тұрақтандыру қорына жергілікті бюджет есебінен жалпы 7,7 млрд. теңге қаралып, кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы 5,7 млрд. теңгеге айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім-шарттар түзілген. Жыл соңына дейін қаладағы ірі азық-түлік желілері 115-ке дейін, әлеуметтік дүкендер саны 20-ға дейін және жылжымалы нүктелер саны 10-ға дейін жеткізілетін болады.

 Сонымен бірге, құзырлы органдармен бірлесе 10 азық-түлік базардағы делдалдық схемаларды тексеру жұмыстары мен нанның бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында, наубайханаларды төмен бағада ұнмен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп келеді.

 Сессия барысында қала әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы, Экспорт жөніндегі өңірлік кеңеспен және «Бизнес Шымкент» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамдары жаңартылды.

 Жиын соңында қала басшысы мегаполистің дамуына елеулі үлес қосатын шешімдердің қабылдануына қолдау жасағандары үшін депутаттар корпусына алғыс білдіріп, бірлесіп қаланың өркендеу бағытында нәтижелі жұмыс атқарылатынына сенімді екенін жеткізді.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

 

ҚАЛА ӘКІМІ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Қазақстан Іскер Әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаевамен кездесті.

 

Қала бсшысы М.Әйтенов шаһардағы әйелдердің көшбасшылығы туралы айтып, осы бағытты дамыту мәселесін тілге тиек етті.

 

Іссапармен келген Іскер Әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаева болса, қала әкіміне әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған «Қазақстанның Әйелдері Күштері Альянсы» қоғамдық ұйымының жұмысы туралы баяндады.

Айта кетейік,  жуырда ғана осы үкіметтік емес ұйымның қаладағы филиалы өз жұмысын бастаған болатын.

 

«Шымкент қаласында бұған дейін кәсіпкер әйелдердің басын біріктіретін «Іскер әйелдер қауымдастығының» филиалы жұмыс істеп келген. Қалада жаңадан жұмысын бастаған альянс әйелдер мен балалардың құқықтары мен денсаулығы және әлеуметтік бағыттағы білімін жетілдіруді көздейді», - деді қала әкімі.

 

Сондай-ақ ол Әйелдердің жағдайын жақсартуға арналған ұйым 2022-2023 жылдарға арналған жол картасын бекітіп, 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізетінін тілге тиек етті.

 

«Қоғамдық бірлестік жол қарта негізінде өзекті мәселесіне айналған әйелдер мен балалардың отбасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, оларға психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, осал санаттағы әйелдердің әлеуметтік мәселесін шешу, денсаулығын нығайту, әйелдердің қоғамдағы шешім қабылдау деңгейін көтеру, мәдениеті мен цифрлық сауаттылығын секілді бастамаларды жүзеге асырады»,-деді қала әкімі.

 

Қауымдастықтың Шымкент қалалалық филиалының жетекшісі болып Жаннета Жазықбаева тағайындалды.

Кездесуде Раушан Біргебайқызы қала әкімін 21 мамыр күні Түркістан қаласында өтетін «Еңбегі жанған арулар» іскер әйелдер форумына шақырды.

 

Қала әкімі қала қоғамда әйелдердің көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған, өз нәтижесін беретін жобаларды қолдайтынын айтып, Р.Сәрсембаеваға өз алғысын жеткізді.

ШЫМКЕНТТЕГІ ТАБИҒИ ГАЗ КӨРСЕТКІШІ 97,4 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

 Табиғи газбен шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сі толық, ал 31 елді мекен жартылай қамтылған. Қалған қамтылмаған елдімекендерге газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Осылайша қаладағы табиғи газ көрсеткішін  93 пайыздан 97,4 пайызға жеткізу көзделуде.

2021 жылы Шымкент қаласында 5 елдімекенге табиғи газ жеткізілді. Атап айтқанда, Бадам-195 орам, Достық, Азат, Асар-2 елді мекендері мен Тассай шағын ауданының тұрғындары көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, өткен жылы 3 магистралды газ құбырының құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстарға мемлекеттік бюджеттің есебінен 6 миллиард 100 миллион теңге қаржы жұмсалған. Соның нәтижесінде өткен жылдың соңында Шымкент қаласының тұрғындарын табиғи газбен қамту көрсеткіші 93 пайызға жетті. Бұл жаман көрсеткіш емес. Алайда, меже үшінші мегаполис халқын 100 пайыз табиғи газбен қамту болып тұр. Осы бағытта шаһарда атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Атап айтар болсақ, биыл №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. Оның қуаттылығы сағатына 250 мың текше метрді құрайды. Бұл нысан қаладағы газ тапшылығы мәселесін түпкілікті шешуге мүмкіндік беріп отыр. 

 

Қазіргі уақытта 1 магистралдық және 10 елді мекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңында Тұран магистралды газ құбырының құрылысы мен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Сауле, Көкбұлақ, барлығы 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталады.

Олар Тұран, Көкбұлақ, Ақтас 1-2, Батыс, Қайнарбұлақ, Сәуле (276 орам), Ақжар, Арғымақ, Нұртас, Солтүстік саяжай және Тассай елді мекендері. Нәтижесінде қаладағы 20 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болып, қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді.

Сондай-ақ, қазір өткен жылы ішкі жүйелердің құрылысы аяқталған елді мекендерде тұрғындармен техникалық шарт жасау және оларды газға қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы, Шымкент қаласын 2025 жылға дейін толық газдандыру жоспарланып отыр.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАРДЫҢ 77 ПАЙЫЗЫ ҚОСЫМША БІЛІММЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкент қаласында 11 қосымша білім беру ұйымы, 17 аула клубы (5-і 2021 жылы ашылған) және мектепішілік түрлі үйірмелер бар. Қаладағы 242 525 оқушының 77% , яғни 186 986 оқушы қосымша біліммен қамтылған. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Әліш есеп беру кезінде белгілі болды.

«Қаладағы 9 қосымша білім беру ұйымдарында 20 061 бала түрлі үйірмелер мен секцияларға қамтылған. Одан бөлек, қаладағы 21 спорт мектептерінде 15 561 бала, 5 спорттық клубтарында 2854 бала қамтылуда. Басқармаға қарасты 133 мектепте 131 903 оқушы (66%) мектеп жанындағы үйірмелерде және 82 044 оқушы (41,1%) мектеп жанындағы спорттық секциялармен  қамтылған»,-деді ол.

Жан басына қаржыландыру есебінен 26 000 бала қамтылуда. Оның ішінде 14 мың бала спорттық, 12 бала мәдени үйірмелерге барады. Балалардың қосымша біліммен қамтылуын арттыру мақсатында 2 қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде. Атап айтсақ, 1 өнер мектебі, 1 оқушылар сарайы. Осы жылы 150 орындық өнер мектебінің, келесі жылы 500 орындық оқушылар сарайы пайдалануға беріледі.

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін толық жағдай жасалған. 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған. 54 мектеп ыстық тамақ қаржысын төлеу барысында қолма-қол ақшасыз карточкалық жүйеге өткізілді. Сонымен бірге, аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 7 200 балаға жазғы демалыс лагерге және 62 800 балаға бір реттік көмекке қаржы қаралды.

Қала мектептерінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша 2017-2018 оқу жылынан бастап «BilimLand» білім беру платформасына 130 мектеп онлайн режимінде 100% қосылып жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күнде, цифрлық білім беру ресурстарына қосылу үшін мектептерге 6 481 аккаунт берілген.  «BilimLand» білім беру платформасы арқылы мектептер бастауыш сынып курстары,  гуманитарлық циклдегі курстар жене жаратылыстану бағытындағы пәндер бойныша цифрлық білім ресурстарын қолдануда. Сонымен қатар, «iTest» ҰБТ дайындау бағдарламасы бойынша виртуалды кешен, «iMektep» (аудиовизаулды туынды – анимациялық фильм) анимациялық сабақтар мен ойын түріндегі тапсырмалар,  «Twig»  мектеп бағдарламасына негізделген фильмдер, мультимедиялық материалдар және тапсырмалар жинағын қолдануда.

Қала әкімі жастарды техникалық білімге бейімдеуді, дуальді оқытуды кеңінен қолдануды, педагогтердің бейімділік біліктілігін жоғарылатуды, жазғы лагерлердің жұмысын жандандыруды тапсырды.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН «Beeline Challenger 80» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

Шымкент қаласында үлкен теннистен «Beeline Challenger 80» халықаралық турнирі өтті. Оған 20 мемлекеттен 60-тан астам спортшы қатысты.

Іріктеу сайысында  бес қазақстандық спортшы Достанбек Ташболатов германиялық Себастьян Фаншлоу, Тимур Мәуленов румынилық Богдан Апостол, Никита Сидоров ресейлік Алибек Качмазовпен күш сынасты. Аслан Темірлан италиялық Эдуардо Ловаджо, Бекжан Ережеп үндістандық Мукунд Сасикумармен кортқа шықты.

Негізгі додада қазақстандықтардан бірінші ракетка болып тіркелген Денис Евсеев іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездесті. Жарысқа арнайы шақырту алған Григорий Ломакин румыниялық Николас Ионельизге, Бейбіт Жукаев норвегиялық Виктор Дурасовичке қарсы тұрды.

Жұптық сында Д. Ташболатов пен Т. Мәуленов алғашқы айналымда Д. Евсеев – ресейлік Александр Шевченкомен ойнады. Б. Жукаев пен А. Качмазов жарыстың 2-ракеткалары - үндістандық Арджун Кадхе - украиналық Владислав Манафовпен, Г. Ломакин мен ресейлік Ян Бондаревский - өзбекстандық Денис Истоминмен шеберлік байқасты.

Сонымен тартысқа толы ойынның нәтижесі бойынша:  жекелей сында І орынды америкалық Эмило Нава алса, ІІ орынды Германия елінен келген Себастьян Фаншелоу иеленді.

 

 Ал, жұптық разрядта бірінші орынды швейцариялық Антойн Бальер мен бразилялық габрияль Декампс, ал екінші орынды Себастьян Фаншелоу мен Жапония спортшысы Каичи Учида алды.

 

Айта кетейік, 15-21 мамыр аралығында Шымкентте тағы бір челлендж додасы өтті.  Бұлардың жалпы жүлде қоры – 106 240 АҚШ долларын құрады.

Тілге тиек етсек, Шымкентте челлендж жарыстары 2017 жылдан бастап өткізіліп келеді.  Жекелей сында Литваның бірінші ракеткасы Ричардас Беранкис (2017 жылы), германиялық Янник Ханфман (2018 жылы) және словакиялық Андрей Мартин екі рет (2018 және 2019 жылы) үздік шыққан еді. Ал, 2020-2021 жылдары пандемияға байланысты турнирді өткізу уақытша тоқтатылған еді.

 

 

ШЫМҚАЛАДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ 6 ЕЛДІМЕКЕН ҚОСЫЛАДЫ

«Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы 81 елдімекеннің 19-ы кәріз жүйесіне қосылған. Биыл кәріз жүйесіне қосылатын елдімекен саны тағы да 6-ға артады. Осылайша қаланың кәрізбен қамтылу көрсеткіші 54 пайыздан, 60 пайызға жетпек». Жауаптылар осылай деп отыр. Олардың сөзінше,  аталған межеге жету үшін бүгінде 16 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Атап айтсақ, 2 магистралды кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы және 13 елдімекенде ішкі орамдық кәріз құбырлары тартылуда. Жауаптылар биылғы жылы қаладағы 9 нысанда құрылыс жұмыстарының басталғанын айтады. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда Арғынбеков көшесімен Тұран ішкі магистралды коллектордың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Достық су сорғы станциясы қайта құрудан өтеді.

«Жыл соңына дейін Арғынбеков, Тұран магистралды кәріз коллекторларының және Достық кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі» дейді жауаптылар.
Сонымен бірге, Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік – Шығыс, Хлопзавод, Жұлдыз тұрғын алабындағы ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталып, осы 6 елдімекен орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады деп жоспарлануда.

Басқарма мәліметіне сүйенсек, өткен жылы қалада «Тұран» сорғы станциясы және Самал-1 мен Наурыз шағын аудандарының ішкі жүйелерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Нәтижесінде кәрізбен қамту көрсеткіші 52,3%-дан 54%-ға жеткен.


Айта кетейік, қаланың 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, Шымқаланы кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75 пайызға жеткізілмек. Қаланың оңтүстік пен солтүстік бөлігін кәрізбен қамтудың 2022-2025 жылдарына арналған жоспарына сәйкес кәріз тазалау станциясы мен сорғы станциясының коллекторлары және елді мекендерде ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.



 

 

48 ТАПСЫРМАНЫҢ 9-Ы ОРЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы осылай дейді.

Еңбекші ауданының әкімі ауданының белсенді азаматтары және билерімен кезекті кездесу өткізіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстары жайлы баяндады.  

 Жиында аудан әкімі Досбол Күздікбайұылы Есілбек алдыңғы кездесулерде аудандағы Қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерінен және аудан тұрғындарынан 48 шешімі табылмай жатқан сұрақтар келіп түскенін, сол  бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды рет ретімен айтып берді.

 «Қазіргі таңда 48 тапсырманың 9 тапсырмасы орындалды. 39 тапсырмабойынша жұмыс жүргізілуде. Оныңішінде 35 тапсырмажылсоңынадейінтолығыменорындалады. Қалғантөрттапсырма 2023 жылы толығымен орындалады деп жоспарлануда»,-деді аудан әкімі.

 Атапайтқанда «Қаратөбе» аумағында орналасқан емханаларға тұрғындарды тіркеу жұмыстары жүргізілді.

«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-менТоғыс тұрғыналабында орналасқан 2 трансформатор қоршалып, 7 электрбағаналары ауыстырылды.

Мұнайбарлаушылар көшесінде орналасқан ойыналаңшасына 6 бағана  орнатылды. Нәтижесінже, алаңша толығымен жарықтандырылды.

Маятас т/а Көлді көшесі бойына 7 дана, Елтай т/а Найзатас көшесі бойына 6 дана, Жыланбұзған тұрғын алабындағы Қарақыстақ көшесі бойына 3 дана, Айнатас т/а орталық Айнатас көшесі бойына 4 дана қажетті жол белгілері мен аялдама павильондары орнатылыпты.

 Сонымен бірге «Қазығұрт» аумағының дамуы туралы төлқұжаты әзірленіп, «Қазығұрт» аумағы бойынша санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты бақылауға алынған. Күнделікті «НұрОлжа» ЖШС-ітарапынанаптасына 2 реттиістіжұмыстаржүргізілуде. Базарқақпа, Абдуллабад жәнеТұрдыабад елдімекендердегі 3000 үйгебе кітілген лимит шегінде ( 16 млнм3) ағынсу берілуде. Елтаймен Тоғыс елдімекеніне 4G технологиясымен базалық станция орнатылып сапалы интернетпен қамтылды. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен Қарабастау тұрғын алабында бүгінде 100% тұрғынүй электр қуатына қосылыпты.

 

Аудан тұрғындары хаттамалық тапсырмалар орындала бастағанын, қолға алынған жұмыстар халыққа түсіндіріліп жатқанын атап өтті. Және сол жүмыстарға дән риза екендерін жеткізді.

 

Түркістан облысында кәсіпкерлерді несиелендіру басталды

Өңір кәсіпкерліктің саны бойынша республикада көш бастап тұрШағын және орта бизнестің қарқынды дамуының нәтижесінде бүгінде олардың қарасы 147 мыңнан асты. Пандемияға қарамастан былтыр жалпы кәсіпкерліктің саны 6,8 мыңға артқанӨндірілген өнім көлемі 47%-ға ұлғайып, 1,2 трлнтеңгеге жеттіБұл жөнінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды.

Атап өтерлігі, өткен жылдың қорытындысымен шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 26%-ды құрап, алдағы төрт жылдық көрсеткіш асыра орындалып отыр. «Қарапайым заттар экономикасы» арқылы бүгінгі күнге 42,9 млрдтеңгеге 315 жоба қаржыландырылыпбағдарламаны жүзеге асыру жөнінен Түркістан облысы алдыңғы қатарда.

Оған қоса «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы да ширақ орындалуда. Бағдарлама бюджеті биыл 43%-ға артып 11,6 млрд. теңгеге жеткен. Қазіргі таңда несиелеу жұмыстары басталды.

2022 жылға бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде несиелерді субсидиялау арқылы кәсіпкерлерге жеңілдетілген 6%-бен 40 млрд. теңгеге несие беру мүмкіндігі бар. Жеңілдетілген несиелерді кәсіпкерлерге барынша бағыттау үшін аудан және қала әкімдіктерімен жұмыстар жүргізілуде.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жергілікті деңгейде бірқатар жобалар іске қосылып, сәтті жүзеге асырылуда. Ірі кәсіпкерлердің көмегімен микробизнесті, стартаптарды қолдау мақсатында өңірде «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алған-ды. Жобаның арқасында 16 стартап жобаларға менторлар қолдау көрсетті. Жоба жалғасын табады.

«Бастау Бизнес» түлектерін қаржыландыру мақсатында «Атамекен – Түркістан» микроқаржы ұйымы құрылған болатын. «Бастау Бизнес» түлектеріне бүгінгі таңға 1,4 млрд. теңге несие берілген, оған қосымша 1,1 млрд. теңгеге несиелендіру жалғасуда.

Сондай-ақ «Керуен Сарай» және «Эко Базар» саудагерлеріне арналған «YassyBusiness» бағдарламасы іске асып жатыр. Қазіргі таңда 180 млн. теңгеге 10 жоба қаралуда. Бағдарламаның жалпы қаржысы — 1 млрд. теңге, оның ішінде 330 млн. теңгесі — жергілікті бюджеттің, 670 млн. теңгесі — «Даму» қорының қаржысы. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерге 25 млн. теңгеге дейін 7 жылға 4%-бен несиелер беріледі.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.