Super User

Super User

Түркістан облысы: еңбек құқықтары мен қауіпсіздік мәселелері пысықталды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірде электронды еңбек шарттарын тіркеу, міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудару және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру мәселелеріне арналған маңызды жиын өткізді. Жиында еңбек қатынастарының ашықтығы мен азаматтардың әлеуметтік қорғалу заңдылығын қамтамасыз ету жайы талқыланып, нақты көрсеткіштер сараланды.

Гүл шаруашылығын дамыту мақсатында Түркістан-Қытай агротехнологиялық ынтымақтастығы күшейтілмек

Түркістан облысының іскерлік делегациясының Қытай Халық Республикасының Юньнань провинциясына жасаған сапары өңірдің агроөнеркәсіптік даму бағытына жаңа серпін беретін маңызды тәжірибелік алаңға айналды. Делегация Цзиньнин ауданында орналасқан раушан гүлдерін топырақсыз технология — гидропоника негізінде өсіретін заманауи жылыжай кешенінің жұмысымен танысып, жоғары технологиялы гүл шаруашылығының өндірістік моделін зерделеді.

Түркістан облысы Қытаймен инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту және экономикалық байланыстарды тереңдету.

Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы кең көлемде тазалық жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, аудан аумағындағы өзен жағалауларына ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Экологиялық акция барысында Қазығұрт елді мекеніндегі Келес өзенінің жағалауы мен Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты табиғаты көркем Аққұм сарқырамасы аумағы қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Осы RSS каналға жазылу