Шымкентте Ата Заңның 30 жылдығы аясында өтетін іс-шаралар талқыланды

2025 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына орай Шымкент қаласында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осыған байланысты бүгін Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы Ержан Сейтеновтің төрағалығымен өткен жиында мерекелік іс-шаралар жоспары жан-жақты талқыланды.

Шымкент: Сот шешімдерінің орындалу сапасы күшейтілуде

2025 жылдың алғашқы жартысында Шымкент қаласы Әділет департаменті азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда маңызды істерге бастамашы болды. Бұл ретте, сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар істерге бақылауды күшейту басты назарда тұр.

Шымкентте құқықтық мәдениет жаңа деңгейге көтерілді

Шымкент қаласында заңгерлік қызметтің жаңа дәуірі басталды. Қала тұрғындары бүгінде құқықтық көмекке бұрынғыдан да оңай әрі тиімді жолмен қол жеткізіп отыр. Әділет департаментінің бастамасымен енгізілген бірқатар цифрлық шешімдер азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, заңдық дауларды жылдам шешуге ықпал етуде.

Шымкент фармациясының даму бағыты

Шымкент қаласында медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсетуді бақылаумен қатар, бұл саланы цифрландыру мен халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау жүйесіндегі жаңашылдықтар

Шымкент қаласындағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты аумақтық бөлімше ретінде денсаулық сақтау саласының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстарды жүйелі түрде атқарып келеді.

Түркістан қаласының айналма жолының құрылысы биыл басталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэйды қабылдап, келіссөз жүргізді. Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасына қатысқан бұл компания Түркістан өңірінде де ірі инвестициялық жобаларға қатысуды жоспарлап отыр. Оның ішінде Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысын биылғы қыркүйек айында басталатын болды.

Түркістан: Созақты қыземшек кентінде екі балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Қыземшек кентінде балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту мақсатында тағы екі жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Бұл жолы заманауи алаңшалар Шұғыла көшесі мен екінші шағын ауданнан салынды.

Ашылу шарасына кент әкімі Марс Әбіл қатысып, тұрғындарды жаңа нысандардың ашылуымен құттықтады. Кент қариялары ізгі тілектерін арнап, алғыстарын жеткізді. Шара аясында балаларға балмұздақтар үлестіріліп, аниматорлар бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік биыл Қыземшек кентінде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұған дейін 1-ші шағынаудандағы 23-үйдің алдында тағы бір балалар ойын алаңы салынған. Сонымен қатар Таңбалытас көшесіндегі кіші футбол алаңының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында кент аумағына 7 бейнебақылау камерасы орнатылды. Көше бойларындағы жарық бағаналары безендіріліп, орталық саябақта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 1 020 шаршы метр жерге аяқжол төселіп, қоршаулар жаңартылуда.

Жалпы алғанда, 2025 жылы Қыземшек кентінде 9 балалар және воркаут алаңы, сондай-ақ 2 кіші футбол алаңы салынуда.

Алдағы уақытта кенттегі мектепке апаратын жол бойына веложол мен жаяу жүргіншілер жолы төселеді. Сонымен қатар мектеп маңы мен Геологтар, Жастар, Жетіқоңыр көшелері қиылыстарына жалпы көлемі 612 шаршы метр болатын аяқжол салу жұмыстары жүргізіледі.

Жарықтандыру бағытында да бірқатар жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, атауы жоқ айналма жол (0,8 км), Сарыарқа көшесі (0,6 км), Шұғыла көшесі (0,5 км) мен Тайқоңыр елді мекенінің Ақжайық көшесіне (1,0 км) көше шамдарын орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, құрылыс жұмыстары басталмақ.

Сондай-ақ Тайқоңыр елді мекенінде футбол алаңшасын салу және қоқыс контейнерлерін орнату жобалары жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, әкімдік ауласын абаттандыру мен көгалдандыру және көше атауларын жаңғырту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Түркістан облысында бейнебақылау камераларының көмегімен 227 қылмыс ашылған

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Күн тәртібінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жұмыстар, қоғамдық орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бейнебақылау жүйесін жетілдіру, ауыр қылмыстардың профилактикасы, оның негізгі себептері және кәмелет жасына толмағандардың арасындағы қылмыстарды болдырмау мәселелері қаралды.