Шымкент: санитарлық қорғау аймағына салынған үйлер сүрілуі мүмкін
Шымкенттегі ел арасында «Военторг» аталып кеткен ауданның кейбір үйлері сүрілуі мүмкін. Бұл туралы ақпарды естігелі осындағы тұрғындардың дегбірі қашып отыр. Белгілі болғанындай, бұл үйлер мемлекет мұқтаждығы үшін емес, кезінде су құбыры желісінің үстіне салынғандығы себеп болыпты.