Super User

Super User

Шымкентте 27 жаңа базалық станция орнату жоспарлануда

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков “Beeline Қазақстан” компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадинмен кездесті. Кездесу барысында қала аумағындағы байланыс пен интернет сапасын жақсарту жолдарын талқылады. 

1 мамырдан бастап Шымкенттегі қоғамдық көлік саласында не өзгерді?

Қала әкімінің тапсырмасына сай және тұрғындардың өтініші бойынша қоғамдық көлік бағыттарына 1 мамырдан бастап өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, Бозарық шағын ауданына қатынайтын №9 бағытына жолаушы ағынының артуына байланысты жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, қосымша 2 кесте қосылды. Яғни, енді 10 автобус 23 минуттық интервалмен жүреді. 

Қала әкімінің әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы шешімі қолдау тапты

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Күн тәртібіне Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне көрсетілетін көмек көлемін 1 329 120 теңгеден (360 АЕК) 2 000 000 теңгеге (542 АЕК) дейін арттыру мәселесі шығарылды. Тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі. Өткен жылы оларға 41 400 теңге (12 АЕК) төленсе, биыл бұл сома 55 380 теңгеге (15 АЕК) ұлғайтылды. Қалада 1872 тыл еңбеккері ақшалай төлем алады. 

Шымкентте 33 спорттық ұйым жұмыс істейді

Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков мәлімдеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басрама басшысы 2024 жылдың 4 айында атқарған жұмыстары мен болашақтағы жоспарларымен бөлісті. 

Осы RSS каналға жазылу