Жексенбі, 22 Қазан 2023 17:33

Түркістан: дала өрті қаупінің алдын алу жұмыстары күшейтілген

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Асанғали Төлепбергенов айтты.

Бүгінде облыс аумағында орман-дала өрттерін алдын алу мақсатында «Орман, дала өрттерін алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар» жоспары бекітіліп, бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

«Жыл басынан бері өңірде екі орман өрті тіркелді. 12 маусым және 3 шілде күндері Ордабасы ауданындағы «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесіне» 3,8 га орман алқабының жану жағдайы болды. Басқарма басшысының сөзінше, өрт 17:40-та ауыздықталып, сағат 18:31-де толығымен сөндірілген. Қайтыс болғандар мен жарақаттанғандар жоқ. Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 маусымнан бастап өртке жатпайтын жалпы көлемі 341 га 618 жану жағдайлары орын алды. Бұл дегеніміз, өрт қауіпті маусымның шарықтау шегіне жетіп тұрғанын көрсетеді. Өткен жылмен салыстырғанда 35% артқан. Бұл өрт есебіне жатпайтын жану жағдайлары адами факторлардың әсерінен орын алып отыр. Өртті болдырмау мақсатында облыс бойынша бірлескен мобильді топтар құрылып, бүгінгі күнге дейін 203 рейд жүргізілді. Сонымен қатар, дала орман өрттерін алдын алу мақсатында облыс бойынша өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс тұрғындарына айтарым, кез келген өртті байқаған жағдайда «101» нөміріне хабар беріңіздер», - деді Асанғали Мадиханұлы.

Бүгінде өңірде орман дала өрттері болуы ықтимал 520 елді мекен бар. Оның ішінде 124 елді мекен орман қоры аумағына шекаралас орналасқан. Олар Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Отырар, Арыс, Ордабасы, Кентау, Шардара аудандарында. Асанғали Мадиханұлы өз сөзінде облыс тұрғындарын табиғат аясында яғни орманды алқапта демалыс кезінде, сіріңке мен темекі қалдығын сөндірусіз қалдырмау, сөндірілмеген шоқ қалдықтарын тастамау керектігін ескертті. Одан бөлек, шыны ыдыстарды құрғақ шөптің үстіне, күн сәулесіне қалдырмауын және рұқсат етілмеген жерлерде от жағуға тыйым салынатындығын жеткізді.

Өңірде жалпы 12 орман шаруашылығы мекемесі орналасқан. Орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 3 млн. 452 мың 755 га, оның ішінде орманды алқабы 2 млн. 405 мың 332 га, ормансыз алқабы 1 млн. 575 мың 039 га құрайды. Бүгінде жалпы орман шаруашылықтарында 22 өрт сөндіру автокөліктері мен 61 бейімделген қосалқы техникалары, 3 тонналық суы бар 45 тіркемелі бөшкелер, 45 мотопомпа, 398 өрт сөндіру құралдары, 1944 өрт сөндіргіш, 48 өрт бақылайтын биік мұнаралары және 252 адамды құрайтын ерікті өртке қарсы құрылымдарымен бірге өрт-химиялық стансаларымен қамтамасыз етілген. 

– Өрттерді болдырмау мақсатында рейдтік іс-шараларды жүзеге асыру үшін облыс бойынша бірлескен мобильді топтар құрылған. Жыл басынан бері өңірде 171 рейд жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар барысында өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін жалпы сомасы 984 500 теңгеге 74 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы орайда, облыс тұрғындарына айтарымыз, табиғат аясында яғни орманды алқапта демалыс кезінде, сіріңке мен темекі қалдығын сөндірусіз қалдыруға болмайды. Сөндірілмеген шоқ қалдықтарын, шыны ыдыстарды құрғақ шөптің үстіне, күн сәулесіне қалдыруға, рұқсат етілмеген жерлерде от жағуға тыйым салынады. Тез тұтанатын жанармай өнімдері сіңген маталарды тастамауға, ауыл шаруашылығы алқаптарында ақаулы техниканы пайдаланбауға кеңес беремін. Кез келген өртті байқаған жағдайда «101» нөміріне хабар беріңіздер, - деді Асанғали Мадиханұлы.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы заңға сәйкес, алау жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылуы тиіс. Осы ретте дала, орман өрттерінің алдын алу мақсатында өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл сайын мамыр және маусым айларында минералды жолақ жырту жұмыстарына бірінші кезеңде комиссия құрамында бақылау жүргізіледі. Биыл бірқатар кемшіліктер анықталып, облыстық әкімдікке ұсыныс енгізілді.Айта кетейік, облыс аумағында орман дала өрті өтуі ықтимал 520 елдімекен бар. Оның ішінде 124 елдімекен орман қоры аумағына шекаралас, яғни 50 км дейін орналасқан. Олар - Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Отырар, Арыс, Ордабасы, Кентау, Шардара аудандарында.

Сондай-ақ, таяуда Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану реттеу басқармасына қарасты орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен орман және дала өрттерінің алдын алу мен бірлесіп сөндіру бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті.

Аталған жиынға Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Запаров, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Түркістан облысының төтенше жағдайдар департаментінің және «Ақсу-Жабағалы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі, «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі, «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мекемесінен және Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бағынысты орман иеленуші мекемелері қатысты. Оқу-жаттығуға өңірдегі өрттің алдын алуға жауапты 150-ден аса маман мен 70-ке жуық техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың мақсаты – өртке қарсы құрылымдардың тәжірибелік іс-қимылдары жоспарын сынақтан өткізу және жетілдіру, дала-орман өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылығы мекемелері мен аудан, қала әкімдіктерінің өзара әрекет жасауы жөніндегі тиімділігін көтеру. Жылда өтетін іс-шара дала, орман өрттерімен күресетін мекемелердің дайындығын пысықтауда өте маңызды.

Еліміздегі жалпы орман қорының 11,4 пайызы Түркістан өңіріне тиесілі. Облыста 3,5 млн. гектарға жуық орман қоры аумақтары бар. Орманмен көмкерілген алқабы – 1 556 981 гектар. Орман шаруашылығы мекемелерінде техникалар саны 2018 жылы 306 дана болса, қазіргі күнде 443 данаға жетіп, 44,8 пайызға өсті. Облыс әкімдігінің қолдауымен орман шаруашылығына қажетті барлығы 69 бірлік, оның ішінде 21 трактор, 9 автокөлік, 15 тіркеме алынды. 2022 жылы облыстың орман қоры аумақтарында 1 орман өрті тіркеліп, барлығы 35,5 гектар, оның 34 гектары орманмен көмкерілген алқапты өрт шалып, орман шаруашылығына 1456,5 мың теңге залал келген.

Өткен жылы Қостанай облысындағы ірі орман өрті елді мекендерге зиянын тигізді. Нәтижесінде, 43 мың га, оның ішінде орманмен көмкерілген 33,8 мың га алқап отқа оранған болатын. Орын алған орман өрті республика көлемінде резонанс туғызып, орман заңдылықтарына, оның ішінде орманды өрттен қорғау нормативтеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Сондықтан облыс аумағында жоғарыда атап өткендей кең көлемде орман өртіне жол бермеу және алдын алу мақсатында биылғы өңірдегі ормандардағы өрттерді қорғау үшін алдын алуға осындай оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан, қала әкімдіктері мен тұрғындар, саяхатшылар өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауы керек.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес, мемлекеттік орман қорында 2 млрд. және қалалар мен елді мекендер аумағына 15 млн. ағаш-көшеттерін отырғызу тапсырмасын орындау мақсатында, облыс әкімдігі кешенді жоспар қабылдап, алдағы 5 жылда 132 мың гектар аумаққа 217 млн. түп ағаш егу жоспарланған. Оның ішінде облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелермен 110 мың гектар жерге 170 млн. түп орман дақылдарын егу қолға алынып, атқарылуда. Былтыр орман қорының 16 200 гектар аумағына 23 818 мың данаға жуық әртүрлі ағаш көшеттері егілді. Биыл 20 300 гектар аумаққа 32 миллионнан аса көшет егу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Басқармаға қарасты 7 орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында 30-35 млн. данадан астам әртүрлі көшеттері өсірілуде. Алдағы уақытта көшеттердің санын 60 миллионға жеткізу жоспарланып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 104 рет