Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Әуен Фазылбек Мұхаддасұлы төрағалық етті.
Кеңес жұмысына Бәйдібек аудандық прокуратурасының прокуроры Нұрсұлтан Ғабитұлы, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Жұмабек Марат Күмісбекұлы, сондай-ақ аудан әкімінің аппаратына қарасты құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Күн тәртібінде ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы» іске асыру шаралары қаралды.
Аудан әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік, құпия режимді қамтамасыз ету және терроризмге қарсы бөлімшесінің бас инспекторы Ертөстік Омарбекұлы Избасов баяндама жасап, тұжырымдаманың негізгі бағыттары, мақсат-міндеттері және оны аудан көлемінде іске асыру тетіктеріне тоқталды.
Жиын қорытындысы бойынша тұжырымдаманы іске асырудың аудандық іс-шаралар жоспарын әзірлеу, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жандандыру, мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдардың өзара іс-қимылын арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.