Аудан әкімі Асқар Естібаевтың төрағалығымен өткен жиынның күн тәртібінде 2025 жылдың 1 маусымына аудандағы қылмыс деңгейі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.
Аудандық полиция бөлімі бастығының Б.Сұлтановтың мәліметінше, отбасындағы тұрмыстық қатынаста жасалған қылмыс саны өссе, қоғамдық орындарда жасалған, мас күйде, сонымен қатар жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны төмендеген.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасаған тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталан жұмыстар туралы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Р.Қалдарбековтың мәліметінше жыл басынан бері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ-не зорлық-зомбылық бойынша жүгінгендер саны 18-ді азаматты құрайды. Оның ішінде 2 адам «Сенім-ай» дағдарыс орталығына жатқызылған. 1 адам Шымкент қаласы бейімдеу орталығына, 3-і құқық және 6-на психологиялық көмектер көрсетіліп, 6 адаммен қазіргі таңда жұмыс жүргізілуде.
Жиын соңында аудан әкімі Асқар Сұлтанұлы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, жол ережелерін сақтау және жол көлік оқиғалары жиі орын алатын барлық бағыттағы жолдарға заң аясында тиісті жұмыстарды жүргізуді ескертті. Сонымен қатар, баяндамашыларға әр мәселені нақтылап, шешу жолдарын ұсынып, берілген барлық тапсырмалар хаттамаға түзілетіндігін жектізді.