Дүйсенбі, 05 Сәуір 2021 21:15

«Шымкент-қауіпсіз қала» жобасы нәтижесін беруде

Әл-Фараби ауданында жастар арасында құқық бұзушылықпен қылмысты болдырмау мақсатында «Шымкент-қауіпсіз қала» жобасы қолға алынған болатын.

Жоба аясында түнгі мезгілдегі ( 22.00-ден ойынханаларда және 23.00-ден 06.00-ге дейін) кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілінсіз жүруін анықтау жұмыстары бойынша құзырлы мекемелермен бірлесіп іс-шара жоспары бекітілген еді. Аталған жоспар бойынша жауапты ювеналдық полиция қызметкерлерімен аудан аумағында рейдттік іс-шара жүргізілді. Іс-шара барысында А.Байтұрсынов, Б.Момышұлы, Республика, Тәуке хан даңғылы, А.Асқаров, Ә.Жангелдин, Ш.Қалдаяқов көшелері және Әл-Фараби алаңы мен Арбат аумағында орналасқан ойынханаларында кәмелет жасына толмаған, заңды өкілінсіз жүрген 18 жасөспірімдер анықталды.

Іс-шара нәтижесінде анықталған кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің Ата – аналарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-1 бабына сәйкес хаттамалар толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, мобильді топтың құрамымен жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында карантин талаптар мен санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарды сақтамаған ойынханаларға (компьютерлік клуб) ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы 1 тармағы бойынша хаттама толтырылды. Аталған жұмыстар алдағы уақытта өз жұмысын табатын болады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 397 рет