Сәрсенбі, 24 Қараша 2021 15:08

Шымкентте қонақ үйде притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР ІІМ нұсқауы бойынша қала аумағында адам саудасына қатысты қылмыстардың алдын алу, ескерту, жолын кесу және әшекрелеу мақсатында 2021 жылдың 22-қараша мен 1-желтоқсан аралығында Республикалық «STOР-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында қаладағы қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған азаматша анықталып, Абай ауданының Полиция басқармасына жеткізілген. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігімен (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Шымкенттік тәртіп сақшылары адам саудасына және жеңгетайлыққа байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді және  Сізде, осындай қылмыстар туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада полицияның “102” арнасына хабарласуыңызды сұрайды.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 385 рет