Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, танысы «мұғалім етіп жұмысқа тұрғызып беремін» - деп, 500 000 теңге ақшасын алған. Арада 2 жылға жуық уақыт өтсе де не ақшасын қайтармай, не берген уәдесін орындамаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай ол бұрын мектепте мұғалім болып жұмыс жасаған. Сезікті ер адам сол уақыт аралығында жұмысқа кіргіземін деп уәде берген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтықтың құрбаны болу әп-сәтте екендігін еске салады. Сондықтан күмәнді қызмет ұсынатын адамдардан сақ болуға, оларға жеке есепшоттар мен жеке куәлік нөмірін бермеуге кеңес береді. Егер де, сіз, алаяқтық жайтына куә болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат