Сейсенбі, 14 Тамыз 2018 10:15

Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі қабылдайды

Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Омарбекұлы Акишев 2018 жылғы 14 тамыз күні сағат 15:00-де қала әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдайды.

Шымкент қаласы жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді. Қабылдауға қала әкімі аппаратының 53-00-07 телефоны арқылы алдын ала жазылуға болады.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметтің жаңа моде­лін енгізу шеңберінде елімізде мем­­лекеттік органдарда Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жар­­лығына сәйкес жаңа институт – әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді, олардың арнайы Ережесі бекітілді. Әдеп жөніндегі уәкілдер инс­титутын нығайту, халықтың мем­ле­кет­тік ор­­ган­­дарға деген сенімінің ар­­туына, мемлекеттік қыз­метте өза­­­ра қатынастар мәде­ниетінің қа­лып­­­­­тасуына, сондай-ақ сыбайлас жем­­­қорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұ­­зуының алдын алуға мүмкіндік бе­­реді.

                                                                                                                                                                                 «AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1668 рет