Жұма, 11 Қараша 2022 21:36

Сайрам: «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Сайрам ауданы аумағында қараша айының 9-11 аралығында республикалық «Құқықтық тәртіп» жоспарлы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Басты мақсаты – аумақтағы жедел жағдайды сауықтыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Іс-шара аясында:

- қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу;

- ІІО есебінде тұратын адамдарды (бұрын сотталғандар, маскүнемдер, нашақорлар, психикалық науқастар, әкімшілік қадағалау белгіленген педофиль және психикалық мекемелерде есепте тұратын педофильдер) тексеруді жүзеге асыру;

- тыйым салынған заттарды (есірткі құралдары, атыс қаруы, жарылғыш заттар) заңсыз сақтаған не тасымалдаған адамдарды анықтау;

- қылмыстардың ізін суытпай және бұрын жасалған қылмыстарды ашу;

- қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау;

- көлік құралының және жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеру, көлікті тінту және азаматтардың заттарын тексеру;

- саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс нысандарын, базар, техникалық қызмет көрсету стансаларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғай учаскелерді, қыстауларды тексеру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Сайрам АПБ-ның полицейлері іс-шараның екі күні ішінде барлығы 217 әкімшілік құқық бұзушылық анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 5 хаттама, 127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) 2, 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) 2, 437-бабымен (Тыныштықты бұзу) 2, 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 5, 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) 7, 492-бабымен (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) 18, 517-бабымен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 4, 518-бабымен (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)2 хаттама, 596-бабының 3-тармағымен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) 1, 600-бабымен (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) 1, 601-бабымен (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) 20, 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару) 1 және 615-бабымен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) 9 хаттама толтырылды.

Құрметті аудан тұрғындары!

Аудан орталығы Ақсукенттегі Жібек жолы көшесі бойында орналасқан «Арзан» сауда үйінің алдындағы «3.27. Тоқтауға тыйым салынады» белгісінің астында және одан ары қарай 800 метр қашықтыққа дейін автокөлікпен тоқтауға тыйым салынатынын ескертеміз. Құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабымен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (15 315 теңге) айыппұл салуға әкеп соғады.

Оқылды 251 рет