Қазіргі таңда мал ұрлығымен жол көлік оқиғалары ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы орайда Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары аудан аумағындағы мал ұрлығымен жол көлік оқиғаларының алдын-алу және болдырмау мақсатында, аудан тұрғындарының ірі қара малдарына, ұсақ малдарына және жылқыларына толық түнгі уақытта жарық бергіш таспаларын (светоотражающие ленты) ілдіру үшін және малдарын қараусыз жібермеу жөнінде тиісті профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен 2022 жылдың 10 айында, мал ұрлығының алдын алу және болдырмау мақсатында, профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында, 1075 - мал тасымалдаушы автокөліктер мен 3025-малдар тексерілген. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 406 бабында /ҚР ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу/ көзделген құқық бұзушылыққа жол бергені үшін 76 тұлғаға, яғни мал иесіне әкімшілік шара көру мақсатында ауданның аумақ инспекция бөліміне ұсыныстар жолданды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 406-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу:
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын:
1) карантин және шектеу іс-шараларының шарттары мен талаптарын сақтамау;
2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды, талаптарды және ветеринариялық нормативтерді:
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтіп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде;
зообақтардағы, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды асырау, өсiру және пайдалану кезінде;
ішкі сауда объектілерінде; жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде; ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда қызметті жүзеге асыру кезінде;
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде сақтамау;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамау;
4) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союдың шарттары мен талаптарын сақтамау;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының тіркеу сынақтарын жүргізу үшін қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік тіркеусіз өндіруді, әкелуді (импортын), өткізуді және қолдануды (пайдалануды) жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ветеринариялық іс-шараларды өткізбеу немесе тиісінше өткізбеу, сондай-ақ оларды өткізу мерзімдерін бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етпеу –
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Жергілікті атқарушы органдардың өздеріне Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен жүктелген функцияларды орындамауы –
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына ескерту жасауға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
1) жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және өткізілгені;
2) жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарламау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау бойынша шаралар қолданбау –
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бұзу –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетпеу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Жануарларды карантиндеу қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Эпизоотияға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi эпизоотияның таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқпаған бұзу – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Осы баптың он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны жазылған.
ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабы /Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу/ бойынша 613 тұлғаға, яғни мал иесіне, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 408-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу:
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді делінген.
Құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары! Сіздерден мал ұрлығымен жол көлік оқиғаларының алдын-алу және болдырмау мақсатында, ірі қара - ұсақ малдарыңызға және жылқыларға толық түнгі уақытта жарық бергіш таспаларын (светоотражающие ленты) ілулеріңізді және малдарыңызлы қараусыз жібермеулеріңізді сұраймыз!
Бұл секілді жарық шағылыстырғыш ленталарды ауданымыздың ұсақ - түйек заттар (тысячи мелочей сынды), тұрмыстық бұйымдар сататын дүкендерінен сатып ала аласыздар!