Түркістанда облыстық кәсіпкерлер палатасы ашылды

Түркістан қаласында облыс басшысының бірінші орынбасары Қайрат Нүкеновтің қатысуымен Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, өңірлік кеңес төрағасы Қайнар Абасов және облыстың бизнес өкілдері қатысты. Іс шара аясында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов қонақтарды палата кеңсесімен, онда көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырды.

Төлеби ауданында шоколад өндірісі қолға алынбақ

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков және Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы Нұрлан Қойбағаров Бірінші Мамыр ауылдық округіне іс-сапармен барды. Бірінші кезекте округте орналасқан «Балмұздақ» ЖШС-нің шокаладты глазурь және шоколад өңдейтін цехінің жұмысымен танысты. «Балмұздақ» ЖШС шоколад өңдейтін цехін желтоқсан айында іске қосып, отандық өнім «Perfetto» сауда белгісімен шоколад өндіру жұмысын бастамақ.

Түркістан облысы: Ордабасыда межеленген жоспар 100 пайызға орындалды

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласында биыл 26 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Мал шаруашылығында 317 мал бордақылау алаңы салынып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалған. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан ауданның шаруалары «Алтын күз» мерекесін толағай табыспен қарсы алды. 

Түркістан облысында күн электр станциясы салынатын болды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «KK-KIUNSEN» компаниясының директоры Джон Енг Сун бастап келген делегациямен кездесті. Басқосуда тараптар Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын ақылдасты.

Түркістан облысында өнеркәсіп кәсіпорындары 323,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысының 300-ден астам өнеркәсіп кәсіпорны 323,9 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 97 пайызды құрады. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров мәлімдеді. 

Түркістан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 1500 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді

2018 жылдың 1 қазанындағы мәліметке сүйенсек, Түркістан облысында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны - 140 992, оның жұмыс істеп тұрғаны - 129 424. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2010 жылдан қазіргі таңға дейін 43 млрд. теңгеге 1500 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Нәтижесінде 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, бюджетке 63 млрд. теңгенің салығы түскен. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров мәлімдеді. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында зәйтүн егу жоспарланды

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев алматылық «Прометей» және испаниялық «Корбелл» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар Жетісай ауданынан 25 гектар жерге тәжірибе ретінде зәйтүн бағын егу мәселесін талқылады. 

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 45 кәсіпорын іске қосылады

Түркістан облысы 2025 жылға қарай 58 156 тонна етті қайта өңдеп экспорттайтын болады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 29 323 тоннаны құраған. Сондай-ақ, бүгінге дейін өңірімізде 43 375,2 сүт қайта өңделіп келсе, келешекте 92 875 тоннаға артады. Ал, 7 195 тонна көкөністен дайын өнім алынса, алдағы уақытта 49 195 тонна тауар қайта өңделмек. Бұл туралы облыстық ауыл шарушылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында мәлімдеді.