Түркістан облысының өңірлік логотипі әзірленбек

Түркістан облысында өңірлік нышанды (логотип) әзірлеуге арналған конкурс аясында 14 автор ұсынған 55 жоба арнайы жұмыс тобының қарауына ұсынылды. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен аталған жобаларды талқылауға арналған жиын өтті.

Түркістан: Мектептердің құрылысы зерделеніп, лагерлерінің дайындығы пысықталды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түлкібас, Сайрам мен Төлеби аудандарына іссапармен барды. Мектептердің жөндеу жұмыстарын зерделеп, жазғы сауықтыру лагерлерінің дайындығын пысықтады.

Түркістан облысында өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді

Түркістан облысы аумағында өрт қауіпті кезең басталғалы өртке қарсы жұмыстар да күшейтіле түсті. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров осы бағыттағы жұмысты уақтылы үйлестірмеген және тиісті мәлімет ұсынбаған басшыларға ескерту жасады.

Түркістан облысы үшін аса маңызды жоба

Облыс әкімдігінде Мақтаарал ауданы Атамекен кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығына қажетті инфрақұрылым желілерін жеткізу мәселесі және орталықтың әлеуеті талқыланды.

Түркістандық жастарды жұмыспен қамту бағытында маңызды шешімдер қолға алынуда

Түркістан облысында жастарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында маңызды қадам жасалды. Түркістан облысы «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Абзал Қазанқаповтың бастамасымен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен өңірдегі ірі кәсіпорындар арасында үшжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Түркістанда колледж түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай Түркістан облысында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Осы арқылы 40-тан аса жұмыс беруші мекеме өңірдегі колледж түлектеріне 1550 жұмыс орнын ұсынды.

Түркістанда «Voice of Turan - 2025» қазақ әндері фестивалі басталды

Ән мен рухтың тоғысқан мекені – Тұран төрі тағы да жаһан жұртының назарында. Киелі шаһарда халықаралық «Voice of Turan - 2025» қазақ әндері фестивалі басталды. Фестиваль қатысушылары еліміздің танымал өнер шеберлерімен бірге қазақ әндерін орындады.

Түркістан: Өндірісті дамыту, әріптестікті нығайту бойынша келіссөздер жүргізілді

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашуға аймақтағы өндіріс орындарын заман талабына сай дамытуға басымдық берілген. Бұл ретте Түркістан облысы әкімдігі тарапынан нақты жұмыстар атқарылуда.