Гүл шаруашылығын дамыту мақсатында Түркістан-Қытай агротехнологиялық ынтымақтастығы күшейтілмек
Түркістан облысының іскерлік делегациясының Қытай Халық Республикасының Юньнань провинциясына жасаған сапары өңірдің агроөнеркәсіптік даму бағытына жаңа серпін беретін маңызды тәжірибелік алаңға айналды. Делегация Цзиньнин ауданында орналасқан раушан гүлдерін топырақсыз технология — гидропоника негізінде өсіретін заманауи жылыжай кешенінің жұмысымен танысып, жоғары технологиялы гүл шаруашылығының өндірістік моделін зерделеді.