Биыл 33 мыңнан астам түркістандық түлек аттестат алады
Түркістан өңірінде мектеп бітіруші түлектердің аттестат тапсыру шараларына бақылау күшейтіледі. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті.
Түркістан өңірінде мектеп бітіруші түлектердің аттестат тапсыру шараларына бақылау күшейтіледі. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яньтаомен кездесу өткізді. Онда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев Түркістан қаласында салынып жатқан медициналық нысандардың құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын бақылады. Мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма берді.
Астана қаласында өткен «Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың ІІ форумы аясында Түркістан облысы мен қытайлық компаниялар арасында жалпы 5 ірі жобаны жүзеге асыру бойынша меморандум жасалды. Сонымен қатар Түркістан облысы мен Қытайдың Шэньси және Хубэй провинциялары арасында бауырластық келісімі орнады.
Түркістан өңірінде пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды қайта өмірге бейімдеу, әлеуметтендіру және жұмыспен қамту шаралары тиісті деңгейде атқарылуда. Бүгін облыстық прокуратура ғимаратында пробация есебіндегі жаза өтеушілердің қайта қылмыс жасауына жол бермеу мен алдын алу, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері қаралды. Мәжіліс облыс прокурорының бірінші орынбасары Данияр Сыздықов төрағалығымен өтті.
Түркістан қаласында алғаш рет «Сүт және ет бағытындағы асыл тұқымды ешкілер» республикалық көрмесі өтті. Ерекше бастама Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Сексек ата» шаруалары ұйымдастырды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар, ветеринария саласының өкілдері мен қонақтар арнайы келді. Көрмеге Заанен, Альпі, Ламанча, Англо-нуб, Бур, Камори, Гулаби сынды шетелден әкелінген, селекциялы және ең танымал тұқымдары қойылды. Жалпы асыл тұқымды 200-ге жуық мал басы қатыстырылды. Арасында сүтті ешкілер, текелер мен лақтар бар.
«Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы» ҚР Заңына сәйкес қала аумағында, туристік нысандар орналасқан аймақтарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және сауда қызметін заң аясында реттеу бағытында қолдау шаралары мен бақылау жұмыстары күшейтілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жүргізіліп, құрылыс сапасы қатаң бақылауға алынған.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Шаньдун провинциясындағы бірқатар ірі ауыл шаруашылығы және азық-түлік өңдеу кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізді.
2025 жылы облыс әкімінің өкімімен «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Осы жылдың алғашқы бес айында 51 552 жұмыс орны ашылды. Олардың 18 мыңнан астамы тұрақты қызмет орындары болса, ал 33 мыңнан астам азамат уақытша жұмыс орындарына орналасқан.