Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕ КҮЗГІ ЖИЫН - ТЕРІМ МАУСЫМЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқаны және алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері пысықталды.

Шымкент аумағында бүгінде ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 56,6 мың га құрайды. Биыл егістік жерлердің 27,5 мың гектары игеріліп, әртараптандырудың нәтижесінде дәнді-дақылдар – 11,4 мың га, майлы дақылдар – 3,6 мың га, мал азықтық дақылдар – 8,9 мың га, картоп – 0,5 мың га, көкөніс және бақша дақылдары – 3,1 мың га алқапқа егілді. Егістіктен 87,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін дихандарға 44,3 тонна жанар-жағармай жеңілдетелген бағамен – 245 теңгеден босатылады.

Бүгінде қалада жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Жалпы, республика бойынша 593 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінде оның 64,4 пайызы жөнделген. Жұмыстар 50-ден 75% дейін орындалған өңірлер арасында Шымкент қаласы бар. Мегаполисте қолданыстағы жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды.

№1 қазандықтың жөндеу жұмыстарын 20 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Бөлек орналасқан 23 жылу қазандығынан бүгінде 19-ы қысқы маусымға дайын, қалған қазандықтар бойынша әзірліктер 15 қыркүйекке дейін толық аяқталады. Сондай-ақ қаладағы 2076 көпқабатты тұрғын үйдің жылу жүйелерінің дайындығын күшейтіп, 1 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.

Премьер-Министр жергілікті әкімдерге тиісті министрлікпен тығыз байланысып, егістіктердегі шараларды уақтылы жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ осыған дейін жылу беру маусымында жіберілген кемшіліктерді ретке келтіріп, дайындықтарды күшейтуді ескертті.

Жалпы, қаланың қысқа дайындық жұмыстарының барысы, күзгі жиын-терімге қатысты шаралардың барлығы да М.Дүйсенбекұлының тікелей бақылауында. Бұл ретте апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.

ШЫМКЕНТ: "ШАҢЫРАҚ" ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒЫТЫ БОЙЫНША 22 ТАМЫЗДАН БАСТАП ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" ипотекалық бағыты бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан өтінімдерді қабылдау мерзімі 22.08.2023 жылдан бастап сағат 10:00 ден 31.08.2023 ж. 19:00-ге дейін аралықта жүргізіледі.

«Шаңырақ» бағыты бойынша тұрғын үйлер пул құрусыз өткізіледі.

Нысандар «Шымкент қаласы,"Тұран" шағын ауданы 9 қабатты №6,№8,№10,№12, №№39,40,41,42,43, 49,50,52,53 тұрғын үйлерде орналасқан.

Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы 200 000 теңге.

Тұрғын үй бірліктерінің саны 3 пәтер.

Пәтер түрі 1: 1 бөлме 1 пәтер, ең үлкен аумағы 42,54 ш.м..

Пәтер түрі 2: 2 бөлме 2 пәтер, ең үлкен аумағы 61,19 ш.м..

Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініштер тұрғын үй кезегінде тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

2) көп балалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар.

????Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда шымкенттіктер Отбасы банкі арқылы «Qamqor» бағдарламасына, «Бақытты отбасы» бағдарламасына да өтінім жолдай алады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарламалар аясында қала тұрғындарын баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Жыл соңына дейін 324 арендалық пәтер түрлі санаттағы азаматтарға, 888 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға, 1919 пәтер несиелік негізде беру жоспарланған. Оның ішінде жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде «Отбасы банк» арқылы баспаналы болды. Яғни, 1047 пәтер «5-20-25» бағдарламасымен, 246 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасымен берілді.

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРЫН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУДА 4 НЫСАННЫҢ ЖОБАЛАУ ҚҰЖАТЫ ОҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН АЛДЫ

Шымкентте жылдан жылға халық саны көбеюінен шағынаудандар аумағынан жаңақұрылыс аумақтары ашылып, ол жерге инжинерлік-инфрақұрылым жүйесін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағытта 2022-2023 жылдарға арналған жоспар түзіліп, қазіргі таңда 9 нысанға жобалау-сметалық құжат әзірленуде.

Өткен жылы қала бюджетінен 58 млн қаржы бөлініп, оған бір нысанда, яғни, Сайрам шағынауданында үш кезек негізінде ауыз су тарту құрылысы жүргізілді. Биылғы жыл үшін 7 нысан, атап айтқанда Құрсайдың жаңақұрылыс аумағына электр мен газ, Гидрогеолог шағынауданына ауыз су, электр және табиғи газ, Жұлдыз бен Жалын елді мекені , Қаратөбе, Қарабастау, Еламан және Тәуелсіздікке 20 жыл шағынаудандарының жаңақұрылыс аумақтарына табиғи газ құрылысына 191,5 млн теңге қаржы қаралып, бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүруде.

–«Қызылсу» 220/110/10 кВ электр тарату станция құрылысын аяқтауға тағы 131,3 млн теңге қаржы керек. Сондай-ақ, өткен 2022 жылы қала әкімінің елді мекендерді аралап, халықпен кездесу барысында берілген тапсырмасына сәйкес, инжинерлік жүйе тартылмаған 6 нысанға жобалу құжат әзірлену үстінде. Оның ішінде 4 нысан – Айқап, Ынтымақ-2, Асар-2, Бозарықтың жаңақұрылысының жобасы аяқталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қалған Ақжайық пен Таскеннің жаңақұрылысының жобасы жыл соңына дейін аяқталады, – деді қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков.

Бір ауыз сөзбен айтқанда, шағын ауданның негізгі бөлігі бола ма, жаңа құрылыс аумағы бола ма, барлығына да кезең кезеңімен инфрақұрылым желілері жеткізіледі. Бұл мәселеде ешкім елеусіз қалмайды.

Осы ретте айта кетейік, Шымкенттегі барлық шағынаудандар 100 пайыз мемлекеттік жүйедегі электр қуатымен қамтылған.

ШЫМКЕНТТЕ ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 5-ШІ КЕЗЕҢІ ЖАЛҒАСУДА

Қазір қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолында жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанға арнайы барып, жұмыс барысын қадағалады. Жоба бойынша нысан 6 кезеңнен тұрады. Қазір жалпы жұмыстардың 27 пайызы атқарылған. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 53 адам, 20 техника жұмылдырылған.
Қонаев даңғылы жалғасының 5-ші кезеңі Бадам өзенінен Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аралықтың ұзындығы – 4,7 шақырым, ені – 42 метр, 6 жолақты. Ал нысанының 6-шы кезеңі Әскери бөлімнің тұсынан ПК-132 дейінгі аралық, бұл кезеңнің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 15 метр, 4 жолақты.
Аталған кезеңде қазір автомобиль жолының жер төсемдері салынуда. Бригадалар жер асты суы өтетін темірбетонды құбырын орнату жұмыстарын жүргізуде.
М.Дүйсенбекұлының осыған дейінгі аралаудағы жауаптыларға жолды кесіп өтетін 110 кВ магистральді электр желісін қайта орнату бойынша берген тапсырмасы бүгінде орындалған. Сондай-ақ әкім тапсырмасына сәйкес, қазір Бадам өзенінен өтетін көпірді Саттарханов көшесімен қосу жұмыстары іске асырылуда.
Құрылыс барысын тексерген М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға қыркүйекте аталған аралықтағы жұмыстарды және 6- кезеңде Оңтүстік айналма жолы арақашықтығын толық аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Одан бөлек шаһарда Ташкент - Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары атқарылуда. Аталған жол 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бұл нысанда да болып, жұмыс барысын бақылады.
Шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес, жыл басында қала аумағындағы жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасалған болатын. Осыған сәйкес, талдау нәтижесінде жөндеуді қажет ететін көшелер анықталып, оларда биыл орташа, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
 
Осы RSS каналға жазылу