Жұма, 08 Наурыз 2024 10:14

Шымкентте қоғамдық көлік бағыттары оңтайландырылды

Жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесінде тұрғындардың сұранысына сәйкес, тұрақты №61, №143 және №180 бағыттарына 1 наурыздан бастап өзгерістер енгізілді.

Жолаушылардың өтініші бойынша № 61 бағыт Нұршуақ тұрғын алабы аумағынан №6 емханаға дейін ұзартылды. Бағыттағы автобустар жолаушыларды №136 мектепке де тасымалдайды.

Ал, №143 автобус маршруты ұзақтан қатынайтын жұмысшылардың өтініші бойынша «Жұлдыз» индустриялды аймағына дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, №180 автобустар бағыты Көкбұлақ тұрғын алабының ішкі бөлігіне дейін созылды.

Жалпы, тұрақты № 171, № 171 «А» бағыттарына қосымша кестелер қосылып, № 66 және № 67 бағыттарына ақпан айынан бастап өзгерістер енгізілген болатын.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 397 рет