Сейсенбі, 26 Наурыз 2024 10:46

Шымкент: санитарлық шараларға 3 мыңға жуық адам жұмылды

Санитарлық шаралар Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы аясында "Тазару" күніне орай ұйымдастырылды.

Қала тазалығына жауапты коммуналдық мекемелер аудандарда күшейтілген тәртіпте жұмыс жүргізуде. Жалпы, осы бағыттағы жұмыстарға 3 мыңға жуық қызметкер қатысып, 100-ге жуық техника тартылды.

Тазалық жұмыстары Қаратау ауданында тіпті, түн мезгілінде басталды. Мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылған аумақтар қоқыстан тазартылып, жұмыстар Бәйдібек би,

Тауке хан даңғылдарында, Түркістан, Арғынбеков, Сайрам көшелерінде жалғасты. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында, аялдамаларда, ирригациялық жүйелерде тазалық шаралары атқарылып, қураған жасыл желектер ретке келтірілді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 132 рет