Бейсенбі, 25 Қазан 2018 09:43

Түркістан облысы: Сызған ауыл округінің әлеуеті артып келеді

Түркістан облысындағы Созақ ауданында ауылдық округтердің қазына қоржынын қомақтыландыруда қосып отырған үлесі аз емес. Шаруа қожалықтары да, кәсіпкерлер де атсалысуда. Ауданға қарасты Сызған ауылдық әкімдігінде Қозмолдақ, Сызған, Басбұлақ, Қайнар деген елді мекен бар. 

Сызған ауылдық округі Қозмолдақ елді мекеніне дейінгі 11 шақырым асфальт жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сызған ауылдық округі әкімдігінің балансындағы «Шұқырой» каналының құжаттары тиісті мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, республикалық «Казсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны теңгеріміне берілген. Каналдың жарамсызданған лотоктарының орнына жаңа 25 науалы лоток қойылыпты.

2018 жылдың 9-айының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан елді мекен шегінде обьект салу үшін 20 өтініш түсіп, аудан әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне ұсыныс жіберілді. Қазіргі таңда 14 тұрғын үйге ауыл әкімінің шешімі шығып, мемлекеттік жер актісі алынып, толық құжаттанды. Ал қалған 6 тұрғын үй құжаттану үстінде. Ауылдық округ орталығы Қозмолдақ елді мекеніндегі Ж.Дәуітбаев және орталық көше Қ.Тоқмұхамедов көшесін жарықтандыруға ЖСҚ құжаттары әзірленді. Ауыл аймақ көркею, даму үстінде.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 1166 рет