Дүйсенбі, 15 Шілде 2024 10:08

Түркістан облысы: Шұбарсуда ХҚКО-ның жаңа секторы ашылды

Түркістан облысы Шұбарсу ауылында халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа секторы жұмысын бастады. Ол 178 квартал, № 38/24, мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан.

Сектордың ауданы 104 шаршы метрді құрайды. Операциялық зал азаматтарға ыңғайлы болу үшін заманауи жабдықтармен және жайлы жиһаздармен жабдықталған. Жаңа секторға күніне 100-ге жуық тұрғын келеді деп болжануда. Азаматтар жылжымайтын мүлікті тіркей алады, әлеуметтік қызметтерді, ЭЦҚ және басқаларын ала алады.

"Шұбарсуда 51 мыңға жуық адам тұрады. Аудан немесе облыс орталықтарында мемлекеттік қызмет алу үшін ауыл тұрғындары едәуір қашықтықты жүріп өтуге мәжбүр болды. Осыған байланысты ХҚКО - ның жаңа секторын ашу туралы шешім қабылданды, бұл азаматтарға уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді", деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Айдос Ашетов. Жаңа сектор азаматтарды жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы,соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді,яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.

Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы-мемелекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді.

Элекронды үкіметті дамыту, халықтың компьтерлік сауаттылығын көтеру,халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту,сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және ауыл тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алудың тиімділігін басты көрсеткіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 31 рет